ТІЛДІ МОДЕЛДЕУ: ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ ПЕН ТАБИҒИ ТІЛДІҢ СЕМАНТИКАЛЫҚ ЖӘНЕ МОРФОЛОГИЯЛЫҚ ҚҰРЫЛЫМЫНДАҒЫ ЕРЕКШЕЛІКТЕР

2026

Full text Open access: Gold Metadata (CSL-JSON)
DOI 10.48371/phils.2026.2.81.032
Data confidence 70 medium
How this score is calculated

It is built from checkable properties of the record itself: whether the article has a DOI, how many independent sources confirmed its data, whether the required fields are filled in, and how recent the latest confirmation is. Disagreement between sources and a missing identifier lower it. A value of 80 or above means the record was published without further checking; 60 to 79 means it is published at reduced confidence, with a manual check advisable. A record verified by an editor by hand is never pushed below 90 by a recalculation. This scores our data about the article, not the article itself.

Abstract

Цифрлану дәуірі әлемге үлкен өзгерістер әкелді. Бұл ғылым саласының дамуында елеулі екені белгілі. Лингвистика саласында да цифрландыру үдерісінің әкелген жаңалығы мол және ықпалы зор. Цифрландырудың жемісі саналатын жасанды интеллекті (ЖИ) әлемнің, ғылымның үлкен жаңалығы ретінде танылып, бұл технологиялар жиынтығын қолдану адам өмірінің тиімділігін арттыруға бағытталды. Жасанды интеллект ұсынған мәтіндердің лингвистикалық өзгешеліктерінің түрлі тетіктерін ашу, адам интеллектісі мен жасанды интеллектінің жазу мен сөйлеудегі ерекшеліктерін жүйелеу тіл ғылымы үшін өзекті. Жасанды интеллект дайындаған мәтіндерге ғылыми филологиялық зерттеулер мен сараптама жасау ұлттық тіл үшін өте маңызды. Адам тілі мен жасанды интеллект тілінің құрылымында едәуір айырмашылықтар бар. Жасанды интеллектінің күнделікті өмірге, коммуникацияға тез ену үдерісі тілге де елеулі өзгерістер әкеліп жатыр. Зерттеудің мақсаты: Тілдің моделдену сипаты мен құрылымдық айырмашылықтарды тану, семантикалық мағынаның өзгерістерін ашу. Бұл мақалада нейрожелілердің және тілдің даму кезеңдері, өзгеруі зерделенеді. СhatGPT дайындаған мәтіндер мен табиғи тілде жасалған мәтіндердің айырмашылықтары, ерекшеліктері сараланады. Жасанды интеллектінің семантикалық мәнді түсіну қабілеті мен морфологиялық құрылымдарды тани алу мүмкіндігі айқындалады. Зерттеу барысында тіл эволюциясына қатысты, машиналық оқытуға байланысты теориялық тұжырымдар негізге алынды. Мақаланың әдіснамалық бөлімінде ғылыми пайымдау, жинақтау, салыстыру, моделдеу, талдау әдістері қолданылды. Зерттеу нәтижесінде семантикалық мағынаны мысалдар арқылы талдап, тілді моделдеудің шектеулері мен қиындықтары анықталып, нейрожелілерді моделдеудегі этикалық қарама-қайшылықтардың себептері нақтыланды.Зерттеудің құндылығы – жасанды интеллект тілін талдау арқылы цифрландыру үдерісінде ұлттық тілдің бояуын, ерекшелігін сақтаудың маңызын көрсету. Жұмыстың практикалық маңыздылығы мақаланы жоғары оқу орындарында оқытылатын «Қазіргі қазақ тілі лексикологиясы», «Қазіргі қазақ тілі морфологиясы» пәндеріне материал ретінде қолдануға болады.