ГЕНДЕРЛІК ДИСКУРСТЫҢ TED TALKS БАЯНДАМАЛАРЫ НЕГІЗІНДЕ ЗЕРТТЕЛУІ

2026

Full text Open access: Gold Metadata (CSL-JSON)
DOI 10.48371/phils.2026.2.81.016
Data confidence 70 medium
How this score is calculated

It is built from checkable properties of the record itself: whether the article has a DOI, how many independent sources confirmed its data, whether the required fields are filled in, and how recent the latest confirmation is. Disagreement between sources and a missing identifier lower it. A value of 80 or above means the record was published without further checking; 60 to 79 means it is published at reduced confidence, with a manual check advisable. A record verified by an editor by hand is never pushed below 90 by a recalculation. This scores our data about the article, not the article itself.

Abstract

Гендерлік лингвистика қазіргі тіл ғылымының маңызды бағыттарының бірі ретінде қалыптасып отыр, әрі оның зерттеулері дерлік барлық қазіргі жазба тілдерге негізделеді. Қазіргі таңда тіл және гендер мәселелерін зерттеу дискурсты тереңірек талдауға негізделген кешенді бағытқа айналды. Мақалада тіл біліміндегі гендерлік дискурс мәселелері жан-жақты талданады. Гендерлік дискурс ұғымының теориялық негіздері, оның лингвистикалық, прагматикалық және мәдени қырлары қарастырылады. Зерттеу жұмысының мақсаты – гендерлік дискуртың тілдік, прагматикалық және интерактивтік ерекшеліктерін анықтап, оны медиадискурстың дербес түрі ретінде сипаттау және адресант пен адресаттар арасындағы дискурс құраушы параметрлерін анықтау. Зерттеу міндеттері – гендерлік дискурстың теориялық негіздерін айқындау, оның тілдік, прагматикалық және интерактивтік ерекшеліктерін талдау, медиадискурс жүйесіндегі орнын анықтау және адресант пен адресат арасындағы дискурс құраушы параметрлерді жүйелеу. Зерттеу әдістері ретінде контент талдау, дискурстық талдау, прагматикалық интерпретация әдістері қолданылды. Зерттеу нәтижесінде TED Talks баяндамасының жиырма эпизоды төрт тақырыптық бағытқа топтастырылды. Зерттеудің ғылыми жаңалығы мен құндылығы отандық тіл білімінде гендерлік лингвистиканың қалыптасу сипаты айқындалып, алғаш ретTED Talks баяндамалары негізінде талдау, оның лингвистикалық және эксталингвистикалық қырын ашумен анықталады. Зерттеу жұмысының теориялық маңыздылығы – подкаст дискурсын медиа-лингвистикалық және прагмалингвистикалық тұрғыдан зерттеу арқылы заманауи коммуникациядағы жаңа тілдік формалардың табиғатын түсіндірумен айқындалады. Зерттеу жұмысының практикалық маңыздылығы – зерттеу нәтижелерін «Медиадискурс», «Гендерлік лингвистика» секілді пәндер аясында оқу материалдары ретінде қолдануға болады. Сонымен қатар, практикалық сабақтарда TED Talks материалдарын тіл үйрету, медиа сауаттылық пен коммуникация мәдениетін қалыптастыруда тиімді құрал ретінде қолдану мүмкіндіктерімен негізделеді. Қорытындыда зерттеу нысаны болған гендерлік дискурс қазіргі таңда отандық лингвистикада қарқынды дамып келе жатқан тіл білімінің саласы екендігі дәлелденді. Зерттеу нәтижелері гендерлік дискурсты одан әрі қарастыруға теориялық негіз бола алады.