ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЗЕЙНЕТАҚЫ ЖҮЙЕСІНІҢ ТАРИХИ-ИНСТИТУЦИОНАЛДЫҚ ҚАЛЫПТАСУЫ: ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ САЯСАТЫНЫҢ ТРАНСФОРМАЦИЯСЫ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЗЕЙНЕТАҚЫ ЖҮЙЕСІНІҢ ТАРИХИ-ИНСТИТУЦИОНАЛДЫҚ ҚАЛЫПТАСУЫ: ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ САЯСАТЫНЫҢ ТРАНСФОРМАЦИЯСЫ

2026

Closed access Metadata (CSL-JSON)
DOI 10.70239/arsu.2026.t84.n2.55
Data confidence 70 medium
How this score is calculated

It is built from checkable properties of the record itself: whether the article has a DOI, how many independent sources confirmed its data, whether the required fields are filled in, and how recent the latest confirmation is. Disagreement between sources and a missing identifier lower it. A value of 80 or above means the record was published without further checking; 60 to 79 means it is published at reduced confidence, with a manual check advisable. A record verified by an editor by hand is never pushed below 90 by a recalculation. This scores our data about the article, not the article itself.

Abstract

Мақалада Қазақстан Республикасындағы зейнетақы жүйесінің тәуелсіздік кезеңіндегі тарихи-институционалдық қалыптасуы мен әлеуметтік қорғау саясатындағы орны қарастырылады. Зерттеу нысаны ретінде 1991 жылдан кейінгі зейнетақымен қамтамасыз ету жүйесінің құқықтық, қаржылық және әлеуметтік трансформациясы алынды. Мақаланың мақсаты – Қазақстандағы кеңестік үлгідегі ынтымақты зейнетақы жүйесінен жинақтаушы модельге көшу үдерісін тарихи тұрғыдан талдап, оның әлеуметтік қорғау жүйесіндегі маңызын анықтау. Зерттеудің деректік негізін Қазақстан Республикасының 1991, 1997 және 2013 жылдардағы зейнетақымен қамтамасыз ету туралы заңдары, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 4 маусымдағы № 926 қаулысы, БЖЗҚ, eGov, «Әділет» құқықтық ақпарат жүйесі материалдары, сондай-ақ қаржы нарығы, әлеуметтік саясат және зейнетақы реформасына арналған оқу құралдары мен ғылыми мақалалар құрайды. Зерттеу нәтижесінде Қазақстандағы зейнетақы реформасы тек қаржылық-экономикалық өзгеріс емес, тәуелсіз мемлекеттің әлеуметтік саясатындағы жаңа институционалдық үлгі қалыптастыру үдерісі болғаны анықталды. 1990-жылдардағы инфляция, жұмыссыздық, бюджет тапшылығы және зейнетақы төлемдерінің кешігуі ескі ынтымақты жүйенің тұрақсыздығын көрсетті. Осы жағдайда 1997 жылғы заң жинақтаушы зейнетақы жүйесіне өтудің құқықтық негізін қалыптастырды, ал 2013 жылғы заң мен кейінгі Әлеуметтік кодекс зейнетақымен қамсыздандыру жүйесінің жаңа кезеңін айқындады. Қазіргі кезеңде Қазақстанның зейнетақы жүйесі базалық, ынтымақты және жинақтаушы құрамдастардан тұратын көпдеңгейлі модель ретінде дамып отыр.