Abstract
Зерттеу XIX ғасырдың соңы – XX ғасырдың басындағы Ақтөбе облысындағы православиенің дамуына арналған. 1891 жылы Ақ-Төбе бекінісінің уездік Актюбинск қаласына айналуынан кейін өңірге қоныс аудару үдерісі айтарлықтай күшейді. Қаладағы славян халқы санының өсуі православиелік шіркеулер салу қажеттілігін туғызды. Мақалада алғашқы шіркеулердің құрылу тарихы мен дін қызметкерлерінің қызметі қарастырылады. Шіркеулер мен приходтық мектептердің қызмет ету жағдайлары, сондай-ақ оқытушылық қызметке қатысты мәліметтер зерттеледі. Зерттеу барысында авторлар Ақтөбе облысының мемлекеттік архивінде жинақталған материалдарға сыни талдау жасап, өңірге қатысты шіркеулік құжаттарды қоса алғанда, ғылыми еңбектерге тарихнамалық шолу жүргізді. Сонымен қатар, қала халқының саны мен құрамы және олардың уақыт өте өзгеруі жөніндегі статистикалық мәліметтерге ерекше назар аударылған.