ҚАЗАҚ МУЗЫКАЛЫҚ ДӘСТҮРІНІҢ АРХЕТИПТЕРІ: ӘН – МӘДЕНИ ЖАД РЕТІНДЕ

2025

Full text Open access: Gold Metadata (CSL-JSON)
DOI 10.47940/cajas.v10i4.1141
Data confidence 70 medium
How this score is calculated

It is built from checkable properties of the record itself: whether the article has a DOI, how many independent sources confirmed its data, whether the required fields are filled in, and how recent the latest confirmation is. Disagreement between sources and a missing identifier lower it. A value of 80 or above means the record was published without further checking; 60 to 79 means it is published at reduced confidence, with a manual check advisable. A record verified by an editor by hand is never pushed below 90 by a recalculation. This scores our data about the article, not the article itself.

Abstract

Зерттеу қазіргі музыкалық кеңістікте өзінің семантикалық маңызын сақтап отырған тұрақты әуендік-ырғақтық құрылымдар болып табылатын қазақ әнінің интонациялық архетиптерін талдауға арналған. Жұмыстың өзектілігі жаһандық стильдік және медиалық трансформациялар жағдайында мәдени сәйкестікті сақтау проблемасымен тікелей байланысты ауызша дәстүр мен ХХ-ХХІ ғасылардағы авторлық ән шығармашылығы арасындағы сабақтастық механизмдерін айқындау қажеттілігімен түсіндіріледі. Мақалада Борис Асафьев, Изалий Земцовский, Евгений Назайкинский және қазақ этномузыкалогия мектебі (Саида Елеманова, Баглан Кокумбаева) негізін қалаған интонация теориясы, фольклортану және этномузыка салаларындағы зерттеулер жалғасады. Зерттеудің мақсаты – қазіргі музыкалық тәжірибеде, атап айтқанда кәсіби және әуесқой авторлардың ән шығармашылығында қазақ әнінің интонациялық архетиптерінің сақталу және трансформациялану заңдылықтарын анықтау. Зерттеу міндеттері – архетиптік құрылымдардың бастауларын, олардың интонациялық-ырғақтық ерекшеліктерін сипаттау, дәстүрлі және авторлық музыкалық материалды салыстыра отырып, интонациялық архетиптерді айқындау және олардың әртүрлі стильдік ортадағы қызмет ету ерекшеліктерін анықтау. Әдістеме интонациялық талдауды, салыстырмалы-типологиялық тәсілді және семиотикалық әдісті біріктіреді, бұл бізге халық ән мәдениетіндегі интонациялық архетиптердің генетикалық тамырларын, олардың құрылымдық ерекшеліктерін және жаңа көркемдік жағдайларда трансформациясын бақылауға мүмкіндік береді. Зерттеу барысында қазақ дәстүрлі әнінің екі негізгі архетипі – ақындық әуендік формула және зерттеуші Саида Елеманованың дыбыстық, ладтық жүйе және құрылымдық модельдері ретінде жазылған ритуалдық интонациялық кешен – ХХ-ХХІ ғасырлардағы қазақ ән тәжірибесінде белсенді түрде жұмыс істейтіні анықталды. Авторлар қазақ әндерінің нақты мысалдарын пайдалана отырып, олардың авторлық және әуесқой ән жазудағы модификацияларының нұсқаларын көрсетеді. Жұмыстың талқылау бөлімінде архетиптік тұрақтылықтың табиғаты негізделіп, интонациялық архетиптердің гомофонды-гармониялық ойлау, бұқаралық мәдениет және кросс-жанрлық өзара ықпалдастық жағдайында бейімделу бағыттары айқындалады. Зерттеудің практикалық маңызы оның нәтижелерін этномузыкология саласында, композиторлық тәжірибеде, музыкалық білім беру үдерісінде, сондай-ақ, пәнаралық зерттеулерде қолдану мүмкіндігімен айқындалады.