ҚАЗАҚ АЙТЫСЫНДАҒЫ МАҚАМ ЖҮЙЕСІ: ДӘСТҮР МЕН ЖАҢАШЫЛДЫҚ САБАҚТАСТЫҒЫ

2026

Full text Open access: Gold Metadata (CSL-JSON)
DOI 10.47940/cajas.v11i1.1162
Data confidence 70 medium
How this score is calculated

It is built from checkable properties of the record itself: whether the article has a DOI, how many independent sources confirmed its data, whether the required fields are filled in, and how recent the latest confirmation is. Disagreement between sources and a missing identifier lower it. A value of 80 or above means the record was published without further checking; 60 to 79 means it is published at reduced confidence, with a manual check advisable. A record verified by an editor by hand is never pushed below 90 by a recalculation. This scores our data about the article, not the article itself.

Abstract

Бұл мақалада қазақ айтысындағы мақам жүйесі дәстүр мен жаңашылдық сабақтастығы тұрғысынан кешенді түрде қарастырылады. Айтыс – қазақтың ауыз әдебиеті мен музыкалық мәдениетінің бірегей формасы. Мақам жүйесі арқылы айтыс тек поэзиялық ғана емес, музыкалық-құрылымдық ерекшеліктерін де көрсетеді. Сондықтан дәстүрлі мақамдарды зерттеу ұлттық мәдени кодты сақтау және ұрпаққа жеткізу үшін маңызды. Айтыс мақамының көркемдік және музыкалық ерекшеліктерін ашу үшін кешенді әдіснамалық тәсіл қолданылды, оның құрамына: тарихи-типологиялық әдіс, салыстырмалы талдау, музыкатанулық талдау, құрылымдық-семантикалық әдіс, орындаушылық талдау және контент-талдау кірді. Зерттеудің мақсаты – қазақ айтысындағы мақам жүйесінің көркемдік, музыкалық және поэтикалық ерекшеліктерін зерттеу, дәстүр мен жаңашылдық сабақтастығын анықтау, сонымен қатар заманауи медиа форматтар мен сахналық орындаудағы трансформациясын көрсету болып табылады. Мақамдық құрылымдардың айырмашылықтары мен ұқсастықтарын анықтау, дәстүрлі негізді сақтай отырып, жаңа медиадағы және сахналық форматтағы өзгерістерді талдау, алынған деректерді жүйелеу, жіктеу және интерпретациялау арқылы айтыс мақамының көркемдік табиғатын толық сипаттау негізгі міндеттері ретінде айқындалды. Нәтижесінде айтыс мақамының музыкалық-интонациялық, орындаушылық және көркемдік ерекшеліктері талданып, оның поэтикалық мәтінмен өзара байланысы зерделенді. Зерттеу барысында дәстүрлі айтыс мақамдарының аймақтық және стильдік белгілері анықталып, қазіргі айтыстағы мақамдық трансформация үрдістері сипатталады. Жаңа медианың ықпалы айтыс мақамының сахналық және интонациялық құрылымына әсер ететін маңызды фактор ретінде қарастырылады. Зерттеу нәтижелері айтыс мақамының ұлттық музыкалық кодты сақтаушы және ұлттық бірегейлікті репрезентациялаушы көркем құбылыс екенін дәлелдейді. Айтыс мақамының дәстүрлі негізді сақтай отырып, заманауи көркемдік формада жаңғыруы айтыс өнерінің мәдени өміршеңдігін қамтамасыз ететін басты шарт ретінде бағаланады.