ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ ЭМОЦИЯ РЕПРЕЗЕНТАЦИЯСЫ: АТАУ, СИПАТТАУ ЖӘНЕ БІЛДІРУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

2026

Full text Open access: Gold Metadata (CSL-JSON)
DOI 10.59102/kufil/2026/iss2pp182-196
Data confidence 70 medium
How this score is calculated

It is built from checkable properties of the record itself: whether the article has a DOI, how many independent sources confirmed its data, whether the required fields are filled in, and how recent the latest confirmation is. Disagreement between sources and a missing identifier lower it. A value of 80 or above means the record was published without further checking; 60 to 79 means it is published at reduced confidence, with a manual check advisable. A record verified by an editor by hand is never pushed below 90 by a recalculation. This scores our data about the article, not the article itself.

Abstract

Мақалада қазақ тіліндегі эмоция репрезентациясың құралдары қарастырылады. Атау, сипаттау және білдіру қызметін атқаратын тілдік бірліктердің құрылымдық және семантикалық ерекшеліктері қарастырылады. Эмотивті лингвистиканың ұғымдық-терминологиялық жүйесі сараланып, эмоцияны жеткізу тәсілдерінің атауыштық, сипаттауыштық және экспрессивті-білдірушілік қызметтері құрылымдық-жүйелік парадигма аясында талданады. Сонымен қатар отандық және шетелдік зерттеушілердің ғылыми тұжырымдары негізінде эмотивтер мен индикативтердің арақатынасы айқындалады. Зерттеу барысында қазақ тіліндегі эмоцияны білдіретін лексикалық бірліктердің, фразеологиялық тіркестердің, морфологиялық тұлғалардың және синтаксистік құрылымдардың эмотивтік әлеуеті жан-жақты зерделенеді. Бұдан бөлек, тілдің әр деңгейінде көрініс табатын эмотивті құрылымдардың экспрессивті-прагматикалық сипатын толық бағалау үшін вербалды эмоцияларды қабылдау мәселесін зерттеудің қажеттілігі негізделеді. Зерттеу жұмысында сипаттамалық, салыстырмалы және интерпретациялық талдау әдістері қолданылып, қазақ тіліндегі эмоцияны атайтын, сипаттайтын және білдіретін тілдік бірліктер кешенді зерттеу нысаны ретінде қарастырылады. Сондай-ақ эмотивті және индикативті бірліктердің ерекшеліктерін ажыратуда жүйелеу мен түсіндіру тәсілдері пайдаланылып, ғылыми әдебиеттерге сүйене отырып, олардың функционалдық сипаты сараланды. Зерттеу нәтижелері қазақ тіліндегі эмоцияны жеткізу құралдарын практикалық тұрғыдан қолдануға, сөйлеу әрекетінің экспрссивтілігін арттыруға және коммуникативтік жағдаяттарға сәйкес тиімді тілдік қатынас орнатуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар мақала қазақ тіл біліміндегі эмотивті лингвистиканың теориялық және метатілдік негіздерін нақтылауға үлес қосады. Зерттеу қорытындылары табиғи тілді өңдеу жүйелерінде эмоцияны тану, интерпретациялау және жеткізу механизмдерін жетілдіруге, сондай-ақ қазақ тіліндегі эмоциялық модельдерге негізделген нейрожелілер мен чат-боттардың эмоционалды жауап беру сапасын дамытуға да көмекші бола алады.