ОРТАҒАСЫРЛЫҚ ЖЕТІАСАР МӘДЕНИЕТІНДЕГІ АНТРОПОМОРФТЫҚ ЖӘНЕ ЗООМОРФТЫҚ БЕЙНЕЛЕРДІҢ МӘДЕНИ АРХЕТИПТІК ИНТЕРПРЕТАЦИЯСЫ

2026

Full text Open access: Gold Metadata (CSL-JSON)
DOI 10.47940/cajas.v11i1.1179
Data confidence 70 medium
How this score is calculated

It is built from checkable properties of the record itself: whether the article has a DOI, how many independent sources confirmed its data, whether the required fields are filled in, and how recent the latest confirmation is. Disagreement between sources and a missing identifier lower it. A value of 80 or above means the record was published without further checking; 60 to 79 means it is published at reduced confidence, with a manual check advisable. A record verified by an editor by hand is never pushed below 90 by a recalculation. This scores our data about the article, not the article itself.

Abstract

Мақалада Жетіасар мәдениеті ескерткіштерінің жаңа археологиялық материалдары талданады. Қазіргі уақытта Сырдарияның төменгі ағысынан табылған құнды артефактілер әлемдік қоғамдастықтың ерекше назарын аударып отыр. Жұмыстың негізгі мақсаты — Арал маңы этносының визуалды дүниетанымдық моделі ретіндегі антропоморфты және зооморфты бейнелеу дәстүрлерін зерттеу. Қойылған мақсатқа жету үшін Жетіасар ортағасырлық мәдениетінің антропоморфты және зооморфты бейнелеріндегі визуалды және мағыналық мәнерлілік құралдарын, композициялық принциптері мен тәсілдерін анықтау және интерпретациялау міндеттері шешілді.Зерттеуде өнертанулық тәсіл мен археология және этнографияның компаративистік әдістерін ұштастыратын интегративті методология негізінде жетіасарлық шағын қола пластикасының антропоморфты және зооморфты бейнелерінің генезисі мен эволюциялық аспектілерін қарастыруға талпыныс жасалған. Жазуға дейінгі мәдениетте сакралды жоралғылар мен ритуалдарға қатысты заттар мен атрибуттар негізгі ақпараттық рөл атқарады. Сондықтан әдістемелік тұрғыдан салыстырмалы талдау әдісі өте тиімді болып, аталған аймақтың бейнелеу дәстүрлері туралы қалыптасқан көптеген көзқарастарды қайта зерделеуге және жаңаша қарауға мүмкіндік берді. Ғылымда антропоморфты және зооморфты бейнелер, орнаменттік пішін түзілу, идеографиялық жүйе және жазу арасындағы өзара байланыстың бірнеше нұсқасы бар. Жетіасардан табылған шағын пластика бұйымдары олардың қолдану аясының әлдеқайда кең болғандығын айғақтауы әбден мүмкін. Бұл бұйымдардың шынайы мақсаты тек практикалық қажеттілікпен шектелмейтіні анық; ол Арал маңы аумағын мекендеген этностардың терең дүниетанымдық қабаттарында: олардың сиқырлы тәжірибесінде, жоралғылары мен рәсімдерінде жатыр. Арал маңындағы антропоморфты және зооморфты бейнелердің пішін түзілу динамикасын пайымдау контексінде қарастырылып отырған кезеңдегі бейнелеу мотивтерінің стилистикалық эволюциясының төрт дәйекті принципі айқындалды. Егер б.з.д. V-IV ғғ. үшін жеткілікті дәрежеде қарапайым немесе қайталанатын мотивтерден тұратын антропоморфты және зооморфты образдар тән болса, ортағасырлық дәуірде бұл образдардың егжей-тегжейлі модельденуі байқалады. Қола бұйымдарды өңдеудің және қыш ыдыстарды жасаудың жаңа технологияларының пайда болуымен орнаменттік мотивтер мен бейнелердің композициялық құрылымы біртіндеп күрделене түседі. Зерттеудің ғылыми жаңалығы - Жетіасар ортағасырлық мәдениетінің антропоморфты және зооморфты бейнелерін талдаудан тұрады. Олар ритуалдық имитациядағы антропоморфты образдардың сакралды феномені және ыдыс-аяқтардағы тотемдік жануарлардың зооморфты бейнелерінің сиқырлы символикасы призмасы арқылы қарастырылады. Бұл орта ғасырларда Арал маңын мекендеген этностың дүниетанымдық жүйесін түсінудің кілті болып табылады.