ҚАЗАҚ ОТБАСЫНДАҒЫ ДӘСТҮРЛЕР МЕН ҚҰНДЫЛЫҚ ҚАТЫНАСТАРЫНЫҢ ТҰЖЫРЫМДАМАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

2026

Full text Open access: Gold Metadata (CSL-JSON)
DOI 10.48010/67t7wd73
Data confidence 70 medium
How this score is calculated

It is built from checkable properties of the record itself: whether the article has a DOI, how many independent sources confirmed its data, whether the required fields are filled in, and how recent the latest confirmation is. Disagreement between sources and a missing identifier lower it. A value of 80 or above means the record was published without further checking; 60 to 79 means it is published at reduced confidence, with a manual check advisable. A record verified by an editor by hand is never pushed below 90 by a recalculation. This scores our data about the article, not the article itself.

Abstract

Бұл ғылыми мақалада қазақ отбасындағы дәстүрлер мен құндылық қатынастарының тұжырымдамалық негіздері қарастырылады. Зерттеудің өзектілігі қазіргі жаһандану дәуірінде ұлттық бірегейлікті сақтау, мәдени мұраны ұрпақтан ұрпаққа жеткізу және қоғамдағы әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз ету мәселелерімен тығыз байланысты. Қазақ отбасы – тек әлеуметтік институт қана емес, сонымен қатар ұлттық мәдениеттің, дүниетанымның, әдет-ғұрыптар мен салт-дәстүрлердің негізгі тасымалдаушысы болып табылады. Сондықтан отбасы ішіндегі құндылық қатынастары мен дәстүрлерді ғылыми тұрғыдан зерделеу – қазіргі заманғы гуманитарлық ғылымдар үшін маңызды бағыттардың бірі.Зерттеудің мақсаты – отбасылық құндылықтарды қалыптастыруға және дамытуға ықпал ететін критерийлерді анықтау. Мақалада отбасылық құндылықтарды дамыту және қорғауға теріс әсер етуі мүмкін факторлар да қарастырылған. Қазақ қоғамындағы отбасының әлеуметтік және мәдени рөлі талданып, дәстүрлі нормалар мен қазіргі трансформация үдерістері ғылыми тұрғыда сипатталады. Зерттеу барысында қазақ отбасындағы дәстүрлердің бірнеше негізгі түрлері қарастыралады. Бұл дәстүрлер арқылы ұрпаққа ұлттық құндылықтар, адамгершілік нормалар, үлкенді құрметтеу, кішіге ізет көрсету сияқты қасиеттер сіңіріледі. Сонымен қатар мақалада қазақ отбасындағы негізгі құндылықтар жүйесі қарастырылады. Бұл құндылықтар отбасы мүшелерінің өзара қарым-қатынастарын реттеп қана қоймай, қоғамдағы әлеуметтік үйлесімділікті қамтамасыз ететін маңызды фактор ретінде қызмет етеді. Қорытындылай келе, қазақ отбасы – ұлттық құндылықтарды сақтаудың және дамытудың негізгі ортасы. Оның дәстүрлері мен құндылық қатынастары тарихи сабақтастықты қамтамасыз етіп, қоғамның рухани негізін қалыптастырады. Сондықтан оларды сақтау, зерттеу және қазіргі заман талаптарына бейімдеу – маңызды ғылыми және әлеуметтік міндеттердің бірі.