УАҚЫТ КЕШІГУІ БАР ЖОҒАРЫ РЕТТІ КОММУТАЦИЯЛЫҚ СЫЗЫҚТЫҚ ЕМЕС ЖҮЙЕЛЕРДІ ГЛОБАЛЬДЫ ШЫҒЫС КЕРІ БАЙЛАНЫС АРҚЫЛЫ БАСҚАРУ

2026

Full text Open access: Hybrid Metadata (CSL-JSON)
DOI 10.58805/kazutb.v.2.31-1504
Data confidence 85 high
How this score is calculated

It is built from checkable properties of the record itself: whether the article has a DOI, how many independent sources confirmed its data, whether the required fields are filled in, and how recent the latest confirmation is. Disagreement between sources and a missing identifier lower it. A value of 80 or above means the record was published without further checking; 60 to 79 means it is published at reduced confidence, with a manual check advisable. A record verified by an editor by hand is never pushed below 90 by a recalculation. This scores our data about the article, not the article itself.

Abstract

Уақыт кешігуінің болуы жүйенің жұмысына айтарлықтай әсер ететіні белгілі, ол көбінесе басқару жүйесінің жұмысының нашарлауына әкеледі және желілік басқару жүйелеріне, энергия тасымалдауға қатысты көптеген маңызды физикалық, өндірістік және инженерлік проблемаларда орнықсыздыққа, тербеліске және нашар өнімділікке әкелуі мүмкін. Сондықтан уақыт кешігуі бар жүйелерін зерттеу маңызды практикалық маңызға ие және соңғы жылдары көп көңіл бөлінуде. Бұл мақалада уақыт кешігуі бар жоғары ретті коммутациялық сызықтық емес жүйелер үшін шығыс кері байланысын орнықтандыру проблемасына баса назар аударылады. Дәрежелер және сызықтық емес мүшелер коммутациялық сигналға тәуелді. Қуат интеграторды қосу әдісін және біртекті үстемдік тәсілін қайта қарау арқылы сызықтық емес жүйелерді глобальды деңгейде асимптотикалық тұрғыдан орнықты ететін шығыс кері байланысын басқару заңын мұқият түрде жобалау үшін интервалдық біртекті үстемдік әдісі деп аталатын жаңа жобалау әдісі ұсынылады. Орнықтылық талдау үшін тиісті Ляпунов-Красовский функционалын құру арқылы алынған тұйық жүйенің глобальды асимптотикалық орнықты екені көрсетілген. Мақалада ұсынылған, қарастырылған әдістің негізділігін көрсетіп, дәлелдеуге арналған жоғары ретті коммутациялық сызықтық емес жүйенің екі мысал есебі келтіріліп, компьютерде моделденді.