Abstract
Мақалада Қазақстан Республикасында орнықты даму мақсаттарын (ОДМ) жүзеге асыруға жоғары білім беру жүйесінің қосатын үлесі қаралады. Сапалы білім беруді қамтамасыз ету, адами капиталды дамыту, инновацияларды енгізу және жастардың экологиялық және әлеуметтік жауапкершілігін қалыптастыру тұрғысынан жоғары оқу орындары қызметінің негізгі бағыттары талданады. Зерттеудің мақсаты Қазақстан Республикасының орнықты дамуының ұлттық стратегиясын қалыптастыру және іске асыру ерекшеліктерін талдау, түйінді проблемаларды анықтау және 2030 жылға қарай орнықты даму мақсаттарына қол жеткізу контекстінде оны одан әрі жетілдіру бағыттарын айқындау болып табылады. Халықтың өмір сүру сапасын арттыруға, әлеуметтік-экономикалық өсуді және экологиялық тұрақтылықты қамтамасыз етуге бағытталған мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттары қарастырылады. Орнықты даму стратегиясын іске асырудың маңызды элементі ретінде мемлекеттік басқару тетіктерін жүйелі трансформациялау және квазимемлекеттік секторды дамыту қажеттілігі негізделген. Жұмыста орнықты даму қағидаттарын мемлекеттік және квазимемлекеттік құрылымдардың қызметіне интеграциялау қажеттілігіне, сонымен бірге ресурстарды басқарудың тиімді құралдарын әзірлеуге баса назар аударылады. Орнықты дамуды қамтамасыз ету экономикалық, әлеуметтік және экологиялық мүдделердің тепе-теңдігін ескере отырып, мемлекет, бизнес және қоғамның келісілген өзара іс-қимылы кезінде ғана мүмкін болатындығы атап өтіледі. Экономиканың ағымдағы даму үрдістеріне және халықтың өмір сүру сапасына талдау жүргізілді, Қазақстанда орнықты даму мақсаттарының тиімді іске асырылуына кедергі келтіретін түйінді проблемалар мен шектеулер анықталды. Институционалдық тетіктерді дамытуды, басқару тиімділігін арттыруды және ресурстық ұтқырлыққа заманауи тәсілдерді енгізуді қоса алғанда, ұлттық стратегияны жетілдіру бағыттары ұсынылды. Зерттеу нәтижелері қазіргі жаһандық сын-қатерлер жағдайында Қазақстан Республикасының білім және басқа да салалар бойынща орнықты дамуының ұлттық стратегиясын іске асырудың басымдықтары мен құралдарын негіздеуге бағытталған.