МҰСТАФА ШОҚАЙДЫҢ ТАРИХИ-ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ПОРТРЕТІ

2026

Full text Open access: Hybrid Metadata (CSL-JSON)
DOI 10.32014/2026.2518-1467.1204
Data confidence 70 medium
How this score is calculated

It is built from checkable properties of the record itself: whether the article has a DOI, how many independent sources confirmed its data, whether the required fields are filled in, and how recent the latest confirmation is. Disagreement between sources and a missing identifier lower it. A value of 80 or above means the record was published without further checking; 60 to 79 means it is published at reduced confidence, with a manual check advisable. A record verified by an editor by hand is never pushed below 90 by a recalculation. This scores our data about the article, not the article itself.

Abstract

Аннотация. Бұл мақала Мұстафа Шоқай тұлғасының тарихи-психологиялық портретін кешенді түрде талдауға арналған. Зерттеудің негізгі мақсаты – оның қоғамдық-саяси қызметін, дүниетанымын және тұлғалық қасиеттерін тарихи және психологиялық әдістер негізінде терең зерделеу арқылы ұлттық көшбасшы ретіндегі болмысын ашу. Ұсынылып отырған зерттеу жұмысында Мұстафа Шоқайдың дүниетанымының қалыптасуына әсер еткен әлеуметтік орта, білім алған кезеңі, сондай-ақ Түркістан автономиясы тұсындағы қызметі ерекше назарға алынады. Оның эмиграциядағы өмірі, Яш Түркістан журналы арқылы жүргізген идеялық күресі және тоталитарлық жүйеге қарсы ұстанымы тұлғаның ішкі ерік-жігерін, интеллектуалдық деңгейін және моральдық беріктігін көрсететін маңызды факторлар ретінде қарастырылады. Психологиялық талдау барысында Мұстафа Шоқайдың тұлғалық ерекшеліктері бірнеше қырынан қарастырылады. Оның лидерлік қасиеттері, жоғары жауапкершілік сезімі, ұлттық санасы терең, стратегиялық ойлай алатын, қиын жағдайларда да ұстанымынан таймайтын қайраткер ретінде сипатталады. Оның тұлғалық қасиеттері – табандылық, еркіндікке ұмтылыс, әділеттілікке адалдық – тарихи процестермен сабақтастықта талданады. Зерттеу нәтижесінде Мұстафа Шоқайдың тарихи-психологиялық портреті тек саяси қайраткер ғана емес, сонымен бірге ұлттық идеяның символы, рухани көшбасшы ретінде тұжырымдалады. Бұл зерттеу Мұстафа Шоқайдың тарихи-психологиялық портретін жан-жақты сипаттай отырып, оның тұлғалық ерекшеліктерін, ішкі дүниесін және қоғамдық қызметін біртұтас жүйеде қарастырады. Нәтижесінде, ол тек тарихтағы тұлға ретінде ғана емес, қазіргі қоғам үшін де маңызды рухани және интеллектуалдық үлгі ретінде бағаланады.