Түркі сопылық дәстүріндегі Ясауилік: тарихи даму және идеялық құрылым

2026

Closed access Metadata (CSL-JSON)
DOI 10.47526/3007-8598.6445
Data confidence 70 medium
How this score is calculated

It is built from checkable properties of the record itself: whether the article has a DOI, how many independent sources confirmed its data, whether the required fields are filled in, and how recent the latest confirmation is. Disagreement between sources and a missing identifier lower it. A value of 80 or above means the record was published without further checking; 60 to 79 means it is published at reduced confidence, with a manual check advisable. A record verified by an editor by hand is never pushed below 90 by a recalculation. This scores our data about the article, not the article itself.

Abstract

Қожа Ахмет Ясауи – түркі сопылық ілімінің негізін қалаған көрнекті ойшыл, ақын және рухани ұстаз. Оның өміріне қатысты нақты деректердің бірі – 1166 жылы қайтыс болғаны. Бізге жеткен ең маңызды мұрасы – «Диуани хикмет» («Даналық кітабы»), онда сопылық дүниетаным мен адамгершілік құндылықтары кеңінен көрініс тапқан. Қожа Ахмет Ясауидің әкесі шейх Ибраһим Сайрам қаласындағы белгілі шейх болған. Оның рухани қалыптасуы Ясы қаласында (қазіргі Түркістан) өтті. Кейін Бұхараға барып, әйгілі сопы Юсуф Хамаданиден тәлім алды. Сопылық ілімді терең меңгергеннен кейін Ясыға оралып, Арыстанбаб қалыптастырған рухани дәстүрді одан әрі жалғастырды. Өмірінің соңғы кезеңін жер астындағы қылуетте өткізген. Әмір Темірдің бұйрығымен тұрғызылған «Хазірет Сұлтан» кесенесі бүгінде Қазақстандағы ортағасырлық сәулет өнерінің ең көрнекті ескерткіштерінің бірі болып саналады. Қожа Ахмет Ясауи сопылық философияның дамуына зор үлес қосты. Оның ілімі бойынша, Құдай бүкіл болмыста мәңгілік өмір сүреді. Сонымен қатар, әрбір адамның бойында рухани кемелденуге мүмкіндік беретін қасиеттер бар. Ясауи адамның өмірлік мақсатына жетуі үшін Құдай оған таңдау еркіндігін берген деп түсіндіреді.