Тарих ғылымындағы ұлттық нарратив: теориялық-әдіснамалық ұстанымдар және өткенді репрезентациялау тәжірибелері

Eurasian Journal of History, 2026

Full text Open access: Gold Metadata (CSL-JSON)
DOI 10.31489/3134-9102/2026-31-2/239-253
Data confidence 70 medium
How this score is calculated

It is built from checkable properties of the record itself: whether the article has a DOI, how many independent sources confirmed its data, whether the required fields are filled in, and how recent the latest confirmation is. Disagreement between sources and a missing identifier lower it. A value of 80 or above means the record was published without further checking; 60 to 79 means it is published at reduced confidence, with a manual check advisable. A record verified by an editor by hand is never pushed below 90 by a recalculation. This scores our data about the article, not the article itself.

Abstract

Мақалада тарих ғылымындағы ұлттық нарратив ұлттың тарихи тәжірибесін, мәдени құндылықтарын, мемлекеттілік дәстүрін және ұжымдық жадын белгілі бір мағыналық жүйе арқылы үсіндіретінтарихи-танымдық модель ретінде қарастырылады. Ұлттық нарратив тарихи оқиғаларды жай ғана баяндау емес, өткенді іріктеу, жүйелеу, мағыналандыру және қоғамдық санаға жеткізу арқылы ұлттық бірегейлікті қалыптастыратын күрделі теориялық-әдіснамалық категория ретінде сипатталады. Осы тұрғыдан мақалада ұлттық нарративтің тарихи сана, тарихи жады, мәдени жады, ұлттық бірегейлік және өткенді репрезентациялау үдерістерімен байланысы талданады. Теориялық тұрғыдан ұлттық нарратив Х. Уайт, Ф. Анкерсмит, М. Фуко және басқа да зерттеушілердің тарихи баяндау, репрезентация және дискурс туралы тұжырымдарымен сабақтастырыла қарастырылады. Бұл ұстанымдар ұлттық нарративтің тарихи білімді ұйымдастыратын, өткенге мағына беретін және оны қоғамдық құндылықтар жүйесіне енгізетін қызметін ашуға мүмкіндік береді. Қазақстан жағдайында ұлттық нарратив тәуелсіздік кезеңіндегі тарихи сананы жаңғырту, кеңестік идеологиялық түсіндірулерден арылу, ұлттық мемлекеттілік сабақтастығын негіздеу және тарихи әділеттілікті қалпына келтіру үдерістерімен тығыз байланыстырылады. Қазақ хандығы, Алаш қозғалысы, ашаршылық, саяси қуғын-сүргін, тәуелсіздік тарихы, білім беру жүйесі және цифрлық орта ұлттық нарративтің негізгі репрезентациялық кеңістіктері ретінде талданады. Бұл тақырыптар ұлттық тарихтың мазмұнын ғана емес, қоғамның өткенді қабылдау тәсілін, тарихи сабақтастық туралытүсінігін және болашаққа бағытталған құндылықтық бағдарын да айқындайды. Мақалада ұлттық нарративтің үш деңгейде қызмет ететіні негізделеді: біріншіден, ол тарихи оқиғаларды мағына беретін теориялық-әдіснамалық модель; екіншіден, ұлттық жады мен бірегейлікті қалыптастыратын әлеуметтік-мәдени тетік; үшіншіден, білім беру, саяси дискурс және цифрлық коммуникация кеңістігінде өткенді репрезентациялайтын практикалық құрал. Сонымен қатар ұлттық нарративтің идеологиялану, мифологизациялану және тарихи процестерді біржақты түсіндіру қаупі көрсетіліп, оны ғылыми негізде қарастыруда дереккөздік дәлдік, сыни пайымдау, көпқырлы интерпретация және тарихи объективтілік қағидаларының маңызы айқындалады. Авторлар ұлттық нарратив тарих ғылымы мен қоғамдық сананың тоғысқан тұсында қалыптасатын, өткенді түсіндірумен қатар ұлттық жадыны жүйелейтін және қазіргі ұлттық бірегейліктің символдық негіздерін айқындайтын динамикалықғылыми-танымдық жүйе деген қорытындыға келеді.