БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ СТОМАТОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙЫНЫҢ ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ САРАПТАМАСЫ

2026

Closed access Metadata (CSL-JSON)
DOI 10.70113/1815-9443.2026.10.59.005
Data confidence 70 medium
How this score is calculated

It is built from checkable properties of the record itself: whether the article has a DOI, how many independent sources confirmed its data, whether the required fields are filled in, and how recent the latest confirmation is. Disagreement between sources and a missing identifier lower it. A value of 80 or above means the record was published without further checking; 60 to 79 means it is published at reduced confidence, with a manual check advisable. A record verified by an editor by hand is never pushed below 90 by a recalculation. This scores our data about the article, not the article itself.

Abstract

Балалар арасында стоматологиялық патологияның жиілігі жоғары болып қала береді, әсіресе профилактикалық жұмыстың жеткіліксіздігі және отбасылардың ауыз қуысының гигиенасын сақтауға мотивациясының төмендігі жағдайында.Стоматологиялық патологияларды ерте анықтау және алдын алуға жүйелі көзқарас мектеп жасындағы балалардың стоматологиялық денсаулығын сақтауда манызды рөл атқарады. Зерттеудің мақсаты. Клиникалық тексеру және ата-аналардың арасында жүргізілген сауалнама негізінде Алматы қаласындағы жекеменшік мектепте оқитын 6–10 жастағы балалардың стоматологиялық мәртебесін бағалау, стоматологиялық аурулардың негізгі түрлерің мен олардың қауіп факторларын анықтау. Зерттеу материалы мен әдістері. Клиникалық деректерді ескере отырып, Алматы қаласының жекеменшік мектебінде оқитын 6 жастан 10 жасқа дейінгі 150 бала зерттелді: тісжегінің және оның асқынуларының, пародонт ауруларының, тісжегі емес зақымданулардың, тіс-жақ аномалияларының, сондай-ақ ауыз қуысының жұмсақ тіндерінің аномалиялары анықталды. Гигиеналық әдеттер мен стоматологиялық хабардарлықты талдау мақсатында ата-аналардын арасында сауалнама жүргізілді. Зерттеу нәтижелері және оларды талқылау. Тісжегі және оның асқынулары балалардың 93%-ында анықталды, сосын ішінде субкомпенсацияланған түрі басым болды. Пародонт аурулары 55,1% жағдайда анықталды, күреукенің тісжегі емес зақымдануы 6,9%, тіс — жақ аномалиясы 28%, жұмсақ тіндердің аномалиясы балалардың- 14,7%. Сауалнамаға сәйкес, балалардың тек 35,3% -ы стоматолог-дәрігеріне үнемі барады, ал ата-аналардың тек 34% — ы баланың ауыз қуысының гигиенасын бақылайды. Қорытынды. Алынған нәтижелер мектеп жасындағы балалар арасында стоматологиялық аурулардың жоғары таралғанын және отбасы мен білім беру ұйымдары тарапынан жүргізілетін профилактикалық жұмыстың жеткіліксіздігін көрсетеді. Жүйелі профилактиканы жүзеге асыру , ата-аналар мен балалардың стоматологиялық сауаттылығын арттыру үшін, сондай-ақ патологияларды ерте анықтау мен емдеуде пәнаралық тәсілді қолдануың қажет.