Қосалқылар арқылы аналитикалық сөзөзгерімнің жасалуы

2026

Full text Open access: Hybrid Metadata (CSL-JSON)
DOI 10.64863/2312-4784/2026-2-52/39-48
Data confidence 70 medium
How this score is calculated

It is built from checkable properties of the record itself: whether the article has a DOI, how many independent sources confirmed its data, whether the required fields are filled in, and how recent the latest confirmation is. Disagreement between sources and a missing identifier lower it. A value of 80 or above means the record was published without further checking; 60 to 79 means it is published at reduced confidence, with a manual check advisable. A record verified by an editor by hand is never pushed below 90 by a recalculation. This scores our data about the article, not the article itself.

Abstract

Қазақ тіл білімінде сөзөзгерім мәселесі функционалды-грамматикалық бағытта қарастырылып келеді, алайда аналитикалық сөзөзгерімнің қосалқылар арқылы жүзеге асу ерекшеліктері арнайы зерттеуді қажет етеді. Осыған байланысты мақалада аналитикалық сөзөзгерім жүйесіндегі қосалқылардың қызметі, түрлері және грамматикалық мағына жасаудағы орны талданады. Сөзөзгерім мәселесі түркітану мен қазақ тіл білімінде сөзжасаммен қатар қарастырылып келгенімен, оның функционалды-грамматикалық табиғаты мен тілдік жүйедегі орны әлі де толық айқындалмаған. Сондықтан аналитикалық сөзөзгерімнің негізгі көрсеткіштерінің бірі болып саналатын қосалқылардың қызметін анықтау өзекті ғылыми мәселелердің қатарына жатады. Зерттеудің мақсаты – аналитикалық сөзөзгерім жүйесіндегі қосалқылардың қызметін сипаттау, олардың түрлерін жүйелеу және грамматикалық мағына жасаудағы орнын айқындау. Зерттеудің теориялық негізін Қ. Жұбанов, Н.А. Баскаков, Н. Оралбаева, М. Мергенбаев, А. Ысқақов және басқа да ғалымдардың еңбектері құрайды. Материал ретінде қазақ көркем әдебиетінен, ғылыми зерттеулерден және грамматикалық еңбектерден алынған тілдік деректер пайдаланылып, сипаттамалы, салыстырмалы және функционалды-грамматикалық әдістер қолданылды. Зерттеу барысында сөзөзгерім мен сөзжасам ұғымдарының арақатынасы сараланып, аналитикалық сөзөзгерімге қатысатын тілдік бірліктердің құрылымдық және мағыналық ерекшеліктері талданды. Нәтижесінде аналитикалық сөзөзгерімнің негізгі құралдарының бірі болып табылатын қосалқылардың дәйек және аяқ қосалқылар болып жіктелетіні анықталды. Дәйек қосалқылардың сөз мағынасын күшейту, нақтылау және экспрессивтік реңк үстейтін қызметі көрсетілсе, аяқ қосалқылардың әртүрлі грамматикалық мағыналарды білдірудегі және сөздер арасындағы қатынасты нақтылаудағы рөлі сипатталды. Сонымен қатар қосалқылардың сөзөзгерім жүйесіндегі орны мен функционалдық сипаты айқындалып, олардың грамматикалық мағына жасаудағы маңызы көрсетілді. Зерттеу нәтижелері аналитикалық сөзөзгерімнің теориялық негіздерін толықтыра түсіп, қазақ тілінің функционалды-грамматикалық құрылымын тереңірек тануға мүмкіндік береді.