КЕЛЕС ӨҢІРІ ҚАЛАЛАРЫ МЕН ҚОНЫСТАРЫНЫҢ ТИПОЛОГИЯСЫ

2026

Closed access Metadata (CSL-JSON)
DOI 10.47500/2026.v26.i2.06
Data confidence 70 medium
How this score is calculated

It is built from checkable properties of the record itself: whether the article has a DOI, how many independent sources confirmed its data, whether the required fields are filled in, and how recent the latest confirmation is. Disagreement between sources and a missing identifier lower it. A value of 80 or above means the record was published without further checking; 60 to 79 means it is published at reduced confidence, with a manual check advisable. A record verified by an editor by hand is never pushed below 90 by a recalculation. This scores our data about the article, not the article itself.

Abstract

Мақалада Келес өңіріндегі ортағасырлық қалалар мен қоныстардың типологиялық ерекшеліктері археологиялық материалдар негізінде қарастырылады. Зерттеудің негізгі мақсаты – өңірдегі ескерткіштердің құрылымдық сипатын, орналасу ерекшеліктерін және қорғаныс жүйелерін саралау арқылы оларды ғылыми тұрғыдан жүйелеу. Ортағасырлық қалалар мен қоныстарды жіктеу мәселесі археология ғылымында маңызды бағыттардың бірі болып табылады. Осыған байланысты археологиялық әдебиеттерде ескерткіштерді көлеміне, топографиялық орналасуына, құрылыс жүйесіне, мәдени қабаттарының сипатына және қорғаныс құрылыстарының ерекшеліктеріне қарай топтастыру кеңінен қолданылып келеді.Зерттеу барысында А.Д. Люблинская, В.М. Массон, Э.В. Ртвеладзе, Ю.А. Заднепровский, В.М. Ростовцев, Е.И. Агеева, Г.И. Пацевич, К.А. Ақышев, К.М. Байпақов, А.Н. Бернштам, П.Н. Кожемяко және М. Елеуов сияқты ғалымдардың еңбектері негізге алынды. Аталған зерттеушілер ортағасырлық қалалар мен қоныстарды олардың көлемдік көрсеткіштері, ішкі құрылымы, орналасқан ортасы және атқарған қызметіне байланысты бірнеше топтарға бөліп қарастырған. Бұл ғылыми тұжырымдар Келес өңіріндегі археологиялық ескерткіштерді жүйелеуде маңызды әдістемелік құрал бола білді.Келес өңіріндегі ескерткіштерді талдау кезінде олардың көлемі үш құрамдас бөліктен тұратын құрылымына (цитадель, шахристан, рабад), қорғаныс қабырғалары мен мұнараларының сақталу деңгейіне ерекше назар аударылды. Сонымен бірге Жетісу және Шу-Талас аймақтарында жүргізілген археологиялық зерттеулердің нәтижелері салыстырмалы түрде пайдаланылып, ескерткіштерді топографиялық және фортификациялық белгілеріне қарай жіктеу тәжірибесі қолданылды. Зерттеу нәтижесінде Келес өңіріндегі ортағасырлық қалалар мен қоныстардың өзіндік типологиялық белгілері анықталып, олардың тарихи-мәдени дамуы, орны мен урбанизация үдерісіндегі маңызы айқындалды.