ҚАЗАҚ МАҚАЛ-МӘТЕЛДЕРІНДЕГІ ҚАСҚЫР БЕЙНЕСІНІҢ ЭТНОМӘДЕНИ СЕМАНТИКАСЫ

2026

Closed access Metadata (CSL-JSON)
DOI 10.47500/2026.v26.i2.14
Data confidence 70 medium
How this score is calculated

It is built from checkable properties of the record itself: whether the article has a DOI, how many independent sources confirmed its data, whether the required fields are filled in, and how recent the latest confirmation is. Disagreement between sources and a missing identifier lower it. A value of 80 or above means the record was published without further checking; 60 to 79 means it is published at reduced confidence, with a manual check advisable. A record verified by an editor by hand is never pushed below 90 by a recalculation. This scores our data about the article, not the article itself.

Abstract

Мақалада қазақ мақал-мәтелдеріндегі қасқырдың этномәдени семантикасы қарастырылады. Қасқыр бейнесі қазақ халқының дүниетанымында, мәдени жадында және құндылықтар жүйесінде маңызды орын алатын күрделі мәдени-когнитивтік код болып табылады. Зерттеудің мақсаты – қазақ мақал-мәтелдеріндегі қасқырдың семантикалық құрылымын анықтау және оның этномәдени мазмұнын ашу. Зерттеу материалы ретінде «Бабалар сөзі» жүзтомдығының мақал-мәтелдерге арналған томдарынан қасқыр, бөрі, абадан, бөлтірік және басқа да атауларға байланысты 120-дан астам паремиялық бірлік пайдаланылды. Зерттеуде сипаттамалық, семантикалық, этнолингвистикалық, салыстырмалы және жіктеу әдістері қолданылады. Талдау барысында қасқыр образына қатысты мақал-мәтелдердің қауіп пен жыртқыштық, зұлымдық пен қатыгездік, ашкөздік пен тойымсыздық, батырлық пен батылдық, еркіндік пен тәуекелділік, сондай-ақ бірлік, жолдастық және тектілік ұғымдарын бейнелейтін негізгі семантикалық топтары айқындалды. Сондай-ақ, «қасқыр» және «бөрі» атауларының қолданысында белгілі бір мағыналық жіктеу сақталғаны анықталды: «қасқыр» атауы көбінесе қауіп, жыртқыштық және зұлымдық семантикасымен байланысса, «бөрі» атауы күш, батылдық, еркіндік және тектілік ұғымдарымен сабақтасады. Зерттеу нәтижелері қасқыр образы қазақ дүниетанымындағы көпқабатты этномәдени модель және ұлттық құндылықтар жүйесін, мәдени жад пен дүниетанымдық ұстанымдарды бейнелейтін маңызды тілдік-мәдени кодтардың бірі екенін көрсетті.