ШӘКӘРІМ ҚҰДАЙБЕРДІҰЛЫНЫҢ АҚТАЛУЫ: ЖАҢА ДЕРЕКТЕРДІ ТАЛДАУ

2026

Closed access Metadata (CSL-JSON)
DOI 10.47500/2026.v25.i1.13
Data confidence 70 medium
How this score is calculated

It is built from checkable properties of the record itself: whether the article has a DOI, how many independent sources confirmed its data, whether the required fields are filled in, and how recent the latest confirmation is. Disagreement between sources and a missing identifier lower it. A value of 80 or above means the record was published without further checking; 60 to 79 means it is published at reduced confidence, with a manual check advisable. A record verified by an editor by hand is never pushed below 90 by a recalculation. This scores our data about the article, not the article itself.

Abstract

Мақалада ақын, философ Шәкәрім Құдайбердіұлын саяси репрессия құрбаны ретінде ақтау үдерісінің кезеңдері жаңа архив деректері негізінде талданады. Осы күнге дейін кеңестік кезең тарихындағы ең өзекті мәселелердің бірі саяси репрессия екендігі белгілі. Тоталитарлық жүйе құрбандарының нақты саны әлі күнге дейін белгісіз, себебі сотсыз, үкімсіз атылғандардың саны қаншама. Қазақ тарихындағы атылғаннан кейін де тағдыры таласқа толы болған сондай тұлғалардың бірі Шәкәрім Құдайбердіұлы болды. Мақаланың мақсаты – ақынның ақталуына қатысты құпиясыздандырылған жаңа архив деректерін талдау. Осыған сәйкес 1950 жылдардың аяғында басталып, 1980 жылдардың соңына дейін созылған ақтау үдерісінің кедергілері, айғақтардың бұрмалануы және Ахат Құдайбердиевтің әділдік жолындағы күресі қарастырылады. Басты назар Шыңғыстау көтерілісін ұйымдастырушы ретінде ОГПУ-дің Шәкәрім туралы оперативтік-барлау мәліметтері мен бұл істің нүктесін қойған 1980 жылдың аяғында құрылған Мемлекеттік комиссияның жұмысын зерделеуге аударылды.Деректік негіз ретінде ҚР Президентінің архиві материалдары және тың, ғылыми айналымға әлі де толық енбеген ҚР Ұлттық Қауіпсіздік Комитетінің құжаттары, Шәкәрімтанушы ғалымдардың еңбектері қолданылған. Сондай-ақ қайраткердің ақталуы және мәселенің талқылануы барысында мерзімді басылымдарда Мемлекеттік комиссия мүшелері мен басқа да ғалымдардың жарияланымдары пайдаланылды. Мақаланың негізгі әдіснамалық ұстанымдары: тарихилық, объективтілік, жан-жақтылық, пәнаралық байланыс. Зерттеудің негізін құрайтын материалдар хронологиялық тәртіпте талданған.Зерттеу нәтижесінде Шәкәрім Құдайбердіұлына қатысты тергеу материалдары, тағылған айыптар мен сол айыптардан ақтау үдерісі толыққанды талданып, оқиғалар хронологиясы жаңа деректер негізінде толықтырылды.