ДИСПЕРСТІЛІГІ ЖОҒАРЫ ОХРАНЫҢ ЭПОКСИДТІ КОМПОЗИТТЕРДІҢ КИНЕТИКАЛЫҚ СИПАТТАМАЛАРЫНА ЫҚПАЛЫН ЗЕРТТЕУ

2026

Full text Open access: Gold Metadata (CSL-JSON)
DOI 10.32014/2026.2518-1483.439
Data confidence 70 medium
How this score is calculated

It is built from checkable properties of the record itself: whether the article has a DOI, how many independent sources confirmed its data, whether the required fields are filled in, and how recent the latest confirmation is. Disagreement between sources and a missing identifier lower it. A value of 80 or above means the record was published without further checking; 60 to 79 means it is published at reduced confidence, with a manual check advisable. A record verified by an editor by hand is never pushed below 90 by a recalculation. This scores our data about the article, not the article itself.

Abstract

Зерттелу барысында модификациялаушы қоспалар ретінде соңғы олигомерлі галогенсіз антипирен қасиеті бар олиго резорцинфенилфосфатты (ОРФФ) және дибутилфталат (ДБФ) эпоксидті полимер үшін пластификатор ретінде қолдану кинетикалық қасиеттері жақсартылған, отқа төзімділігі жоғары және жүйеге икемділік, беріктік қасиетін беретін композициялар алудың тиімді тәсілі болып табылады. ОРФФ-ға охраны (30 массалық үлес мөлшерінде), ал ДБФ-ке (10, 50 массалық үлес мөлшерінде) эпоксидті полимерге арзан әрі белсенді толтырғыш ретінде қолданудың тиімділігі дәлелденді, ол кинетикалық қасиеттерін және қату дәрежесін жақсартады. Охраны эпоксидті композит құрамына енгізу температураның уакытқа тәуелділігі бойынша ОРФФ үшін гель түзілу уақыты (50 минуттан 10 минутқа дейін) қысқаруы байқалды. Қату уақыты (56 минуттан 14 минутқа дейін) қысқарғанын байқаймыз. Бұл құбылыс қатайту процесінің максимал температурасының (104°C-тан 162°C-қа) дейін жоғарылауымен түсіндіріледі. Ал ДБФ үшін (50 минуттан 49 минутқа дейін) қысқаруы байқалды. Қату уақыты (56 минуттан 65 минутқа дейін) ұзарғандығын байқаймыз. Бұл құбылыс қатайту процесінің максимал температурасының (142°C-қа) дейін жоғарылауымен түсіндіріледі. Сонымен қатар, салыстырмалы түрде термиядан өңделген және өңделмеген композиттердің қату дәрежелері ОРФФ-ға охраны (30 массалық үлес мөлшерінде) 96%-99,4%-ға өсті, ал ДБФ-ке (50 массалық үлес мөлшерінде) 94%-99,2%-ға өсті. Сондықтан эпоксидті жүйелер үшін қату дәрежесінің оңтайлы мәнін таңдау материалдың эксплуатациялық сипаттамаларын қамтамасыз етудің маңызды шарты болып табылады. Зерттеу нәтижелері отқа төзімді және беріктік,икемділігі жоғары жаңа материалдарды алуға мүмкіндік береді