ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ЛИТИЙ‑ИОНДЫ АККУМУЛЯТОРЛАРДЫ ҚАЙТА ӨҢДЕУ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫ: ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ӘСЕРІ, АЛЫНАТЫН ӨНІМДЕР ЖӘНЕ БОЛАШАҚ ДАМУ БАҒЫТТАРЫ

2026

Full text Open access: Gold Metadata (CSL-JSON)
DOI 10.32014/2026.2518-1483.435
Data confidence 70 medium
How this score is calculated

It is built from checkable properties of the record itself: whether the article has a DOI, how many independent sources confirmed its data, whether the required fields are filled in, and how recent the latest confirmation is. Disagreement between sources and a missing identifier lower it. A value of 80 or above means the record was published without further checking; 60 to 79 means it is published at reduced confidence, with a manual check advisable. A record verified by an editor by hand is never pushed below 90 by a recalculation. This scores our data about the article, not the article itself.

Abstract

Литий‑ионды аккумуляторлардың (ЛИА) кеңінен таралуы, әсіресе электр көліктері индустриясының қарқынды дамуы, жақын болашақта пайдаланылған аккумуляторлардың көлемінің күрт артуына әкеледі. Мұндай аккумуляторларды дұрыс кәдеге жаратпау қоршаған ортаның ластануына, ауыр металдардың жиналуына және бағалы ресурстардың ысырап болуына себеп болуы мүмкін. Коммерциялық ЛИА құрамында литий, кобальт, никель, марганец, мыс, алюминий сияқты жоғары құнды металдармен қатар, жанғыш органикалық электролиттер мен фторқұрамды тұздар бар, бұл оларды қауіпсіз өңдеуді күрделендіреді. Қазіргі таңда ЛИА‑ны қайта өңдеудің пирометаллургиялық, гидрометаллургиялық және тікелей регенерация әдістері кеңінен зерттелуде. Пирометаллургия металдарды қорытпа түрінде бөліп алуға мүмкіндік берсе, гидрометаллургия жоғары тазалықтағы иондық ерітінділер алуға бағытталған. Бұл ерітінділерден кобальт, никель, литий және басқа металдар электролиз немесе химиялық тұндыру арқылы бөлініп, жаңа материалдар синтездеуге қолданылады. Соңғы зерттеулер пайдаланылған ЛИА‑дан алынған прекурсорлар негізінде LiCoO₂, LiNi₁/₃Co₁/₃Mn₁/₃O₂, LiFePO₄/C сияқты катод материалдарын қайта синтездеудің жоғары тиімділігін көрсетті. Алайда қайта өңдеу саласы бірқатар қиындықтарға тап: аккумуляторлардың конструкциялық әртүрлілігі, модульдердің күрделі құрастырылуы, материалдардың араласуы, стандарттардың болмауы және қауіпсіздік мәселелері. Сонымен қатар, кобальтсыз катод материалдарының дамуы кейбір дәстүрлі қайта өңдеу әдістерінің экономикалық тиімділігін төмендетуі мүмкін. Болашақта ЛИА‑ны қайта өңдеу жүйесін жетілдіру үшін аккумуляторларды сұрыптау мен таңбалауды стандарттау, қайта өңдеуге ыңғайлы дизайн жасау, заңнамалық базаны күшейту және экологиялық қауіпсіз технологияларды енгізу қажет. Тиімді қайта өңдеу жүйесін құру ресурстарды үнемдеуге, экологиялық жүктемені азайтуға және айналмалы экономика қағидаттарын жүзеге асыруға мүмкіндік береді.