Abstract
Дүниежүзіндегі халық санының жылдам өсуі, халық шаруашылығын индустрияландыру, озық ауылшаруашылық тәжірибелер, геологиялық, экологиялық және жаһандық өзгерістер сапалы тұщы су сұранысына әкеліп отыр. Жылдар бойы су сапасы негізінен антропогендік әрекеттердің, халық санының өсуінің, жоспарланбаған урбанизацияның, жедел индустрияланудың, табиғи су ресурстарды тиімсіз пайдаланудың салдарынан нашарлап келеді. Қазіргі экологиялық стратегиялардың әсерін ескере отырып, олардың маңыздылығының артуы зерттеушілерді судан ластаушы заттарды тиімді түрде жоя алатын, экономикалық тұрғыдан тиімді әрі экологиялық қауіпсіз технологияларды дамытуға әкелді, жаңа технологиялар халықтың денсаулығын қорғауға бағытталған. Судың ластануын бақылау және азайту үшін әртүрлі тиімділік деңгейдегі көптеген тазарту технологиялары бар. Әдістердің көпшілігінің кемшіліктері бар, жоғары пайдалану және қызмет көрсету шығындары, улы тұнбалардың түзілуі және күрделі тазарту процестері жатады. Осыған қарағанда, адсорбция процесі су мен ағынды суларды тазартуда ыңғайлылығы, қолданудың қарапайымдылығы және құрылымының жеңілдігі себепті тиімді балама ретінде қарастырылады. Ағынды суларды тазарту қондырғыларында адсорбция процесі биологиялық кезеңдерден немесе химиялық тотығудан кейін суда қалған еріген ластаушы заттарды жою үшін қолданылады. Қазіргі таңда ең кең таралған адсорбент – белсендендірілген көмір. Ол бояғыштар мен ауыр металл иондары сияқты әртүрлі ластаушыларды судан жою үшін жиі пайдаланылады. Судың ауыр металл иондарымен ластануы қоршаған орта мен халық денсаулығы үшін күрделі мәселелер болып табылады. Мақалада ағынды сулардан ауыр металл иондарын жоюдың негізгі әдістері қарастырылды. Өсімдік материалдарынан алынатын белсендірілген көмірді қолдану арқылы адсорбциялау әдістеріне ерекше назар аударылды. Мақалада қарақұмық қауызынан белсендендірілген көмір алу технологияларына, олардың физика-химиялық қасиеттеріне және ауыр металл иондарын жоюдағы тиімділігіне шолу жасалды. Ауылшаруашылық қалдықтарынан белсендендірілген көмір алудың әдістері, технологиялық параметрлары, адсорбция факторлары талданды. Ауылшаруашылық қалдықтарын пайдалану арқылы үнемді және экологиялық таза сорбенттер жасаудың перспективалы жолы көрсетілді.