ҚАЗАҚ ЖӘНЕ ОРЫС ТІЛДЕРІНДЕГІ ЖАЛҒАН ЖАҢАЛЫҚТАРДЫ TF-IDF АРҚЫЛЫ АНЫҚТАУ

2026

Full text Open access: Hybrid Metadata (CSL-JSON)
DOI 10.32014/2026.2518-1726.439
Data confidence 70 medium
How this score is calculated

It is built from checkable properties of the record itself: whether the article has a DOI, how many independent sources confirmed its data, whether the required fields are filled in, and how recent the latest confirmation is. Disagreement between sources and a missing identifier lower it. A value of 80 or above means the record was published without further checking; 60 to 79 means it is published at reduced confidence, with a manual check advisable. A record verified by an editor by hand is never pushed below 90 by a recalculation. This scores our data about the article, not the article itself.

Abstract

Қазіргі цифрлық ақпарат кеңістігінде жалған жаңалықтарды автоматты түрде тану табиғи тілді өңдеу мен машиналық оқытудың маңызды қолданбалы міндеттерінің біріне айналды. Қазақ тілі үшін бұл мәселе ерекше өзекті, себебі ашық белгіленген корпустар аз, ал дайын модельдер көбіне ағылшын немесе басқа ресурсы мол тілдерге бейімделген. Бұл жұмыста қазақ және орыс тілдеріндегі fake/real мәтіндерден құралған теңгерілген корпус негізінде TF-IDF белгілеріне сүйенетін классикалық классификаторлар бағаланды. Корпус 1808 мәтінді қамтиды: әр тілде 452 fake және 452 real мәтін бар. Эксперименттер екітілді оқыту, қазақ тіліндегі бөлек бағалау, орыс тіліндегі бөлек бағалау, қазақ тілінен орыс тіліне және орыс тілінен қазақ тіліне кросс-тілдік тасымалдау сценарийлері бойынша жүргізілді. Logistic Regression, Linear SVM және Complement Naive Bayes модельдері word-level және character-level TF-IDF белгілерімен салыстырылды. Біртілді және екітілді сценарийлерде Macro-F1 0.985 деңгейіне жетті. Кросс-тілдік тексерісте бағытқа тәуелді айырмашылық байқалды: қазақ тілінде оқытылып, орыс тілінде тексерілген модель Macro-F1 = 0.654 көрсетті, ал орыс тілінде оқытылып, қазақ тілінде тексерілген модель Macro-F1 = 0.926 деңгейіне жетті. Нәтижелер өндірістік фактчекинг жүйесі ретінде емес, қазақ-орыс fake/real классификациясы үшін түсіндірілетін baseline және әрі қарайғы салыстыруларға арналған бастапқы өлшем ретінде қарастырылады.