Әскери қызметшілердің құқықтарын қорғау тетіктері: салыстырмалы-құқықтық талдау

2026

Closed access Metadata (CSL-JSON)
DOI 10.31489/2026l2/6-15
Data confidence 70 medium
How this score is calculated

It is built from checkable properties of the record itself: whether the article has a DOI, how many independent sources confirmed its data, whether the required fields are filled in, and how recent the latest confirmation is. Disagreement between sources and a missing identifier lower it. A value of 80 or above means the record was published without further checking; 60 to 79 means it is published at reduced confidence, with a manual check advisable. A record verified by an editor by hand is never pushed below 90 by a recalculation. This scores our data about the article, not the article itself.

Abstract

Мақала Қазақстан Республикасы және кейбір шет мемлекеттердегі әскери қызметшілердің құқықтарын қорғау тетіктеріне салыстырмалы-құқықтық талдау жүргізуге және жеке тұлғаның құқықтарына конституциялық кепілдіктер мен әскери тәртіп талаптары арасындағы тепе теңдікті қамтамасыз ету бойынша тиімді жақтарын анықтауға арналған. XXI ғасырда қазіргі орын алып жатқан кез келген мемлекеттік немесе жеке қатынас түрі алдымен адам құқықтарының жүзеге асырылуымен, оларды қорғау тетіктерінің толықтығымен тікелей байланысты. Зерттеу мақсаты — шет елдердегі әскери қызметшілердің құқықтарын қорғау ерекшеліктеріне салыстырмалы-құқықтық талдау жүргізу арқылы тиімді құқық қорғау үлгісін анықтау. Зерттеу барысында салыстырмалы-құқықтық, формальды-заң, жүйелік құрылымдық және адам құқықтарын қорғау бойынша тәжірибелерге талдау жүргізу әдістері қолданылды. Зерттеу аясында Қазақстан Республикасының, Ресей Федерациясының, Германия, Швеция Республикаларының, Америка Құрама Штаттарының әскери саладағы заңнамаларына талдаулар жасалды. Нәтижесінде әскери қызметшілердің құқықтарын қорғауда ведомстваішілік, соттық, парламенттік, халықаралық бақылауды қамтитын көпдеңгейлі құқық қорғау үлгісінің тиімділігі анықталып отыр. Қазақстан мен Ресейде адам құқықтарын қорғау үлгісі көбіне әкімшілік, орталықтандырылған негіздегі тетіктер басым болса, өзге мемлекеттерде тәуелсіз бақылау рөлінің маңыздылығы жоғары сипатқа ие. Зерттеу қорытындысы Қазақстан заңнамасын жетілдіру және әскери қызметшілердің құқықтарын қорғаудың институционалдық тетіктерін енгізуді қажеттігін нақтылайды. Адам құқықтарына қатысты заңнамаларды түзету енгізу және қорғаудың тиімді шараларын енгізу тәжірибелік мәнге ие.