ҚАЗІРГІ ҚАЗАҚ ПРОЗАСЫНДАҒЫ ҰЛТТЫҚ ИНТЕГРАЦИЯ ПОСТ-ПОСТМОДЕРНИЗМ АЯСЫНДА

2026

Full text Open access: Gold Metadata (CSL-JSON)
DOI 10.59358/ayt.1912872
Data confidence 70 medium
How this score is calculated

It is built from checkable properties of the record itself: whether the article has a DOI, how many independent sources confirmed its data, whether the required fields are filled in, and how recent the latest confirmation is. Disagreement between sources and a missing identifier lower it. A value of 80 or above means the record was published without further checking; 60 to 79 means it is published at reduced confidence, with a manual check advisable. A record verified by an editor by hand is never pushed below 90 by a recalculation. This scores our data about the article, not the article itself.

Abstract

А.Кемелбаеваның шығармашылығы қазіргі қазақ прозасындағы постмодернизмнен кейінгі (пост-постмодернизм) кезеңнің айқын үлгісі болып танылады. Кейіпкерлердің экзистенциалды ізденістері, сонымен бірге фольклорлық, мифтік элементтердің суреттелуі символдық образдардың заманауи контексте жаңа мағынаға ие болуын көрсетеді. Бұл мақалада қазіргі қазақ прозасындағы «пост-постмодернизм» жаңа әдеби тенденция ретінде талданған. Мақаланың негізгі бағыттары қазіргі қазақ прозасындағы жаңашылдықтарды көрсету, әдеби үдерістегі Айгүл Кемелбаева прозасының маңыздылығын айқындаумен байланысты. Қаламгер А.Кемелбаева туындыларында ғаламдық контексті, атап айтар болсақ, урбанизм мен технологиялық даму, виртуализм сынды тақырыптарды ұлттық дүниетаным аясында интеграциялайды. Зерттеудің ғылыми маңызы қазіргі қазақ прозасындағы пост-постмодернизм құбылысын А.Кемелбаева прозасында талдап, әдеби таным аясында жаңа көзқарас қарастыру. Ал практикалық маңызы А.Кемелбаева прозасындағы жаһандық контекстегі ұлттық дүниетаным көріністерінің берілу ерекшеліктерін айқындауда көрінеді. Зерттеу әдістемесі ретінде интермәтінділік талдау, интерпретациялық талдау, салыстыру, жинақтау әдістері қолданылды. Зерттеу барысында А.Кемелбаева прозасындағы пост-постмодернизм белгілері: мәтін деконструкциясы, глокализация құбылысы, нарратор тақырыбы сынды ұғымдар анықталды. Негізгі нәтижелер ретінде қазіргі қазақ прозасындағы негізгі әдеби тенденцияның жаһандық контекстпен тікелей байланысы айқындалып, көркем прозаны кешенді талдау мүмкіндіктері беріледі. Мақала пост-постмодернизм теориясы мен практикасын А.Кемелбаева прозасы арқылы қарастыру қазіргі қазақ прозасындағы жаңа зерттеу арнасын қалыптастырады. Жүргізілген зерттеу қазіргі қазақ прозасындағы жаңашылдықты, жаһандану дәуіріндегі ұлттық дүниетанымның маңызын, көркем прозада суреттелу ерекшеліктерін сипаттап, қазіргі қазақ прозасындағы тенденциялардың зерттелуіне теориялық, практикалық үлесін қосады.