1920-1930 жж. кеңестік Қазақстандағы шаруалар көтерілістерінің идеологиялық нарративтері (Ф. Толстоухов көтерілісі мысалында)

Gumilyov Journal of History, 2026

Full text Open access: Gold Metadata (CSL-JSON)
DOI 10.32523/3080-129x-2026-155-2-143-160
Data confidence 70 medium
How this score is calculated

It is built from checkable properties of the record itself: whether the article has a DOI, how many independent sources confirmed its data, whether the required fields are filled in, and how recent the latest confirmation is. Disagreement between sources and a missing identifier lower it. A value of 80 or above means the record was published without further checking; 60 to 79 means it is published at reduced confidence, with a manual check advisable. A record verified by an editor by hand is never pushed below 90 by a recalculation. This scores our data about the article, not the article itself.

Abstract

Мақалада Ф.Д. Толстоухов бастаған көтеріліс мысалында 1920-1930 жылдардағы кеңестік Қазақстанда орын алған шаруалар қозғалысының идеологиялық нарративтері зерделенеді. Зерттеудің өзектілігі ұжымдастыру кезеңіндегі көтерілістер тек әлеуметтік-экономикалық құбылыс қана емес, шаруа қожалықтарының саяси және идеологиялық тұрғыдан өзін-өзі айқындауының айрықша формасы ретінде тереңірек зерделеу қажеттілігінен туындайды. Зерттеудің мақсаты – көтеріліске қатысушылардың идеялық ұстанымдарын, уәждемелік үлгілері мен мінез-құлық стратегияларын қайта жаңғырту, сондай-ақ олардың саяси тұғырнамасы қалыптасуының өзіндік ерекшеліктерін айқындау болып табылады. Зерттеудің әдістемелік негізі тарихилық, жүйелілік принциптеріне және пәнаралық тәсілдерге, сонымен қатар микротарихи және нарративтік талдау элементтеріне сүйенеді. Зерттеудің деректік негізін Қазақстан Республикасының орталық және өңірлік архив қорларынан алынған материалдардың ауқымды жиынтығы құрайды. Соның ішінде ОГПУ органдарының тергеу істері, жауап алу хаттамалары, жедел мәліметтер мен баяндамалар, сондай-ақ көтерілісшілердің үгіт материалдары пайдаланылды. Аталған дереккөздерді ғылыми айналымға енгізу - оқиғалардың қалай өрбігенін қайта жаңғыртып қана қоймай, оқиға желісінің ішкі мәні мен мағыналық негіздерін тереңірек ұғынуға мүмкіндік береді. Мақалада көтерілісшілердің саяси тұғырнамасын, ұрандары мен үндеулері мен үгіт-насихат формаларын талдау арқылы 1920–1930 жылдардағы кеңестік реформалар мен ұжымдастыру саясатын халықтың қабылдау ерекшеліктері зерделенеді. Көтеріліс идеясының жан-жақты әрі көпқырлы болғаны дәлелденді: ол риториканы «әділ» шаруа билігі, «еркін еңбек» және шаруашылық жүргізудің дәстүрлі формаларын жаңғырту туралы түсініктермен ұштастырған. Қозғалысқа қатысушылардың ұстанымы кеңес өкіметін мүлдем теріске шығармай, қайта жергілікті жағдайлар мен әлеуметтік сұраныстар тұрғысынан қайта пайымдалғаны көрсетілген. Зерттеу нәтижесінде аталған кезеңдегі шаруалардың наразылық қозғалыстары тек қатысушылардың реформаларға қайтарылған жауабы ғана емес, бұл шаруалардың ішкі болмысынан туындаған дербес саяси ұстанымының көрінісі болды деген қорытынды жасалды. Бұл құбылыс олардың билік жүйесі мен қоғамдық тәртіпті өз таным-түсінігінше орнатуға ұмтылған іс-әрекеттерінен айқын байқалады. Алынған нәтижелер Қазақстандағы ұжымдастыру науқанына қарсылықтың мазмұны мен табиғатын жаңа қырынан ашып, кеңес дәуіріндегі көтерілістер тарихнамасын байыта түседі.