ASSESSMENT OF THE POSSIBILITY OF RESTORING THE SORPTION PROPERTIES OF ION EXCHANGERS AT URANIUM MINING ENTERPRISES BY DESILICATION AND ANALYSIS OF THEIR DEGRADATION

2025

Closed access Metadata (CSL-JSON)
DOI 10.51885/1561-4212_2025_4_82
Data confidence 70 medium
How this score is calculated

It is built from checkable properties of the record itself: whether the article has a DOI, how many independent sources confirmed its data, whether the required fields are filled in, and how recent the latest confirmation is. Disagreement between sources and a missing identifier lower it. A value of 80 or above means the record was published without further checking; 60 to 79 means it is published at reduced confidence, with a manual check advisable. A record verified by an editor by hand is never pushed below 90 by a recalculation. This scores our data about the article, not the article itself.

Abstract

Бұл жұмыстың мақсаты – өндірістік циклде болған иониттерден кремнийді кетіру мүмкіндігін зерттеу, кремнийсіздену үшін сілтілі ерітінділердің оңтайлы концентрациясын анықтау және уранды алудың күкірт қышқылды схемаларында қолданылатын иониттердің (шайырлардың) деградациясын кейіннен талдау. Жұмыстың өзектілігі Қазақстанда уран иондарын ион алмасу шайырымен селективті сорбциялау процесі уран алудың негізгі әдісі ретінде кеңінен қолданылатындығына байланысты. Күкірт қышқылымен шаймалау кезінде ураннан басқа, кремний қышқылы сияқты технологиялық процестердің жүруіне теріс әсер ететін тау жыныстарының бірқатар басқа элементтері өнімді ерітіндіге өтеді. Кремний қышқылының ерітіндіге ауысуы және оны сорбциялық процеске тарту аниониттерде кремнийдің біртіндеп жиналуына әкеледі, оның шекті мөлшері 12-17 % жетеді. Анионитті одан әрі өңдеу кезінде шайырдан алынған кремний жуылмайтындықтан, оның жиналуы шайырдың уран сыйымдылығының төмендеуіне және шайырдың механикалық беріктігінің жоғалуына әкеледі. Осыған байланысты өнімді ерітінділерді өңдеу процестерінде кремнийдің теріс әсерін төмендетудің тиімді әдісі мәселесі зерттеу үшін маңызды және қажет болып көрінеді. Бұл мақалада сілтілі ерітінділердің әртүрлі концентрациясын қолдана отырып, сорбенттердің өнеркәсіптік үлгілерін кремнийден тазарту бойынша эксперименттер, сондай-ақ Carry 660 Agilent спектрометрін қолдана отырып, ИҚ-Фурье спектроскопиясы арқылы кремний қосылыс- тарынан тазартуға дейінгі және кейінгі сорбенттердің үлгілерін салыстырмалы талдау қарастырылады. Уран бойынша ион алмасу шайырларының сыйымдылығын қалпына келтіру үшін кремний- сіздендіру әдісін қолданудың орындылығы анықталды. NaOH ерітіндісін қолдана отырып, сорбенттен кремнийді кетіру мүмкіндігі эксперименталды түрде расталды. Жұмыс нәтижелері кремний қосылыстарының қарқынды «өсуі» жағдайында пайдала- нылатын ион алмастырғыш шайырлардың сілтілі ерітінділерімен кремнийсіздендіру әдісін қолдану перспективасын көрсетеді.