Abstract
Зерттеудің мақсаты –студенттердің спорттық іс-шараларға қатысуының олардың өзін-өзі бағалау деңгейіне, психологиялық қажеттіліктерді қанағаттандыру дəрежесіне жəне психологиялық тұрақтылықтың дамуына əсерін зерттеу болып табылады. Зерттеудің өзектілігі заманауи білім беру үдерісі жағдайында студенттерге түсетін психоэмоционалдық жүктеменің артуымен жəне жастардың психикалық денсаулығын қолдаудың тиімді ресурстарын іздеу қажеттілігімен байланысты.Зерттеуге 18-25 жастағы университеттің 120 студенті қатысқан, олардың 60%-ын қыздар, 40%-ын ұлдар құраған. Таңдау екі топқа бөлінді: спорттық іс-шараларға үнемі қатысатын студенттер жəне дене белсенділігі төмен немесе жоқ студенттер. Диагностикалық құрал ретінде стандартталған əдістемелер қолданылды: Розенбергтің өзін-өзі бағалау шкаласы (Rosenberg Self-Esteem Scale), психологиялық қажеттіліктерді қанағаттандыру шкаласы (Basic Psychological Needs Satisfaction Scale) жəне Коннор–Дэвидсон психологиялық тұрақтылық шкаласы (Connor-Davidson Resilience Scale).Деректерді статистикалық өңдеу корреляциялық талдау жəне топтарды салыстыру əдістерін қолдану арқылы жүргізілді. Алынған нəтижелер спорттық белсенділіктің студенттердің жоғары өзін-өзі бағалауымен, психологиялық қажеттіліктерді қанағаттандыруымен жəне психологиялық тұрақтылық деңгейімен оң байланысты екенін көрсетеді. Зерттеудің практикалық маңыздылығы алынған деректерді білім беру ортасында студенттердің психологиялық əл-ауқатын нығайтуға бағытталған алдын алу жəне дамыту бағдарламаларын əзірлеуде пайдалану мүмкіндігінде жатыр.