Abstract
Мақалада қазіргі қоғам жағдайындағы стресс феномені жəне оған əсер ететін əлеуметтік-психологиялық факторлар кешенді түрде қарастырылады. Зерттеудің мақсаты –интернет пен əлеуметтік желілерді пайдалану ерекшеліктерінің тұлғаның психоэмоционалдық күйімен байланысын эмпирикалық тұрғыда талдау. Кіріспе бөлімде стресс ұғымының мазмұны, оның əлеуметтікжəне психологиялық алғышарттары, сондай-ақ цифрлық ортада қалыптасатын ақпараттық жүктеменің ықтимал рөлі сараланды.Зерттеу көлденең қималы дизайн негізінде жүргізілді. Зерттеуге 18–45 жас аралығындағы 150 респондент қатысты. Эмпирикалық кезеңде PSS-10 шкаласы арқылы қабылданатын стресс деңгейі, ал Digital Stress Inventory (DSI) əдісі арқылы интернетке байланысты стрессфакторлары бағаланды. Алынған деректер сипаттамалық жəне корреляциялық статистика əдістерімен өңделді.Нəтижелер зерттеу үлгісінде орташа жəне жоғары стресс деңгейінің басым екенін көрсетті. Ақпараттық шамадан тыс жүктеме, əлеуметтік желідегі қысым жəне онлайн салыстыру факторлары стресс деңгейімен статистикалық мəнді байланыс көрсетті. Алынған мəліметтер интернет ортасындағы кейбір факторлардың психоэмоционалдық күймен байланысты болуы мүмкін екенін көрсетеді.Зерттеу қорытындылары негізінде стресс деңгейін төмендетуге бағытталған практикалық ұсыныстар ұсынылды.