Abstract
Зияты зақымдалған жоғары сынып оқушыларының мектептен кейінгі даму бағытын айқындау үдерісінде ата-аналық қолдаудың рөлі жеткілікті түрде эмпирикалық тұрғыдан бағаланбаған. Осыған байланысты зерттеудің өзектілігі инклюзивті білім беру жағдайындағы дəлелді кəсіби бағдар шешімдеріне жəне мектеп–отбасы серіктестігінің тиімді моделіне деген өсіп отырған сұраныспен айқындалады. Зерттеудің мақсаты–ата-аналық қолдаудың (ақпараттық, эмоциялық, құралдық жəне қорғаушылық/адвокациялық компоненттері) оқушылардың кəсіби айқындық деңгейіне ықпалын бағалау, сондай-ақ бұл өзара байланыстың мектептегі кəсіби бағдар іс-шаралары жиілігі арқылы модерациялануын анықтау. Əдіснама:зерттеу кескіндік-корреляциялық дизайнда жүргізілді. Үлгі көлемі –N = 156(9–10-сынып оқушылары жəне олардың ата-аналары). Мəліметтер екі параллель сауалнама (оқушы/ата-ана) арқылы жиналды; өлшем шкалалары –1–5 балдық Лайкерт форматында. Ішкі сəйкестік сенімділігі α= 0,71–0,89аралығында анықталды. Статистикалық талдау сипаттамалық көрсеткіштерді, Пирсон корреляцияларын, топтық айырмашылықтарды, көпайнымалы регрессиялық жəне интеракциялық модельдерді қамтыды (айнымалылар z-стандартталған, робаст стандарттық қателер қолданылды). Нəтижелер:кəсіби айқындықтың орташа деңгейі M = 3,42 ± 0,66; ата-аналық қолдаудың жиынтық индексі M = 3,61 ± 0,58. Ақпараттық жəне эмоциялық қолдау кəсіби айқындықпен статистикалық тұрғыда мəнді байланыс көрсетті (r = 0,34–0,36, p < 0,001). Регрессиялық модельде осы субшкалалар кəсіби айқындықтың негізгі детерминанттары ретінде айқындалды (β= 0,20–0,22, p < 0,01). Мектептік кəсіби бағдар іс-шараларының жиілігі де дербес оң əсер етті (β= 0,17, p = 0,019), ал «Қатысу × Қолдау» интеракциясы қосымша өсім көрсетті (β= 0,14, p = 0,021). Жалпы модельдің түсіндірілген дисперсиясы R² = 0,33–0,37деңгейінде болды. Қорытынды:зерттеу нəтижелері ата-аналық қолдаудың, əсіресе оның ақпараттық жəне эмоциялық компоненттерінің, кəсіби айқындықты қалыптастырудағы маңыздырөлін дəлелдеді. Мектеп тарапынан кəсіби бағдар іс-шараларын жүйелеу жəне «мектеп–отбасы» серіктестігі негізінде транзициялық жоспарлауды енгізу оқушылардың өзіне сенімділігін жəне кəсіби бағдарлану сапасын арттыруға ықпал етеді.