ЖЕКЕ ТҰЛҒАНЫҢ КƏСІБИ ӨЗІН-ӨЗІ ТАНУЫНА БІРЕГЕЙЛІКТІҢ ЫҚПАЛЫ

2025

Closed access Metadata (CSL-JSON)
DOI 10.51889/2959-5967.2026.86.1.004
Data confidence 70 medium
How this score is calculated

It is built from checkable properties of the record itself: whether the article has a DOI, how many independent sources confirmed its data, whether the required fields are filled in, and how recent the latest confirmation is. Disagreement between sources and a missing identifier lower it. A value of 80 or above means the record was published without further checking; 60 to 79 means it is published at reduced confidence, with a manual check advisable. A record verified by an editor by hand is never pushed below 90 by a recalculation. This scores our data about the article, not the article itself.

Abstract

Мақалада жоғары оқу орны студенттерінің кəсіби өзін-өзі тануына бірегейліктің ықпалы эмпирикалық жəне теориялық тұрғыда зерттеледі. Зерттеудің мақсаты –тұлғаның кəсіби өзін-өзі тануы құрылымындағы бірегейліктің рөлін жəне оның мотивациялық-белсенділік, құндылық-мағыналық көрсеткіштермен байланысын анықтау. Зерттеуге Астана қаласындағы ЖОО-да білім алатын 1–2 курс студенттері, барлығы (n=90) қатысты. Іріктеу мақсатты түрде жүргізілді. Зерттелуші студенттердің жыныстық құрамы: 52 қыз, 38 ұл.Зерттеу əдістері ретінде А.В. Лазукин (Н.Ф. Калин бейімдеген) «Тұлғаның өзін-өзі белсендіруін диагностикалау» əдістемесі жəне Д.А. Леонтьев бейімдеген «Мағыналы өмірлік бағдарлар» тесті қолданылды. Деректерді өңдеуде Манн–Уитни U-критерийі пайдаланылды.Нəтижелер 2 курс студенттерінің «Өмірдегі мақсаттар» (U=742, p=0,021), «Мен –бақылау локусы» (U=768, p=0,034) жəне жалпы мағыналылық көрсеткіштері бойынша (U=715, p=0,018) статистикалық мəнді айырмашылықтарға ие екенін көрсетті. Бұл олардың кəсіби болашаққа бағытталуы мен субъективті бақылау деңгейінің жоғары екенін дəлелдейді. Алынған нəтижелер кəсіби бірегейліктің тұлғаның кəсіби өзіндік санасының, мотивациясының жəне өмірлік мағына құрылымының қалыптасуындағы маңызды психологиялық фактор екенін айқындайды.