ОҚУШЫЛАРДА АЛГОРИТМДІК ОЙЛАУ ДАҒДЫЛАРЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДА ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТКЕ НЕГІЗДЕЛГЕН ОҚЫТУДЫҢ ҚАЖЕТТІЛІГІ

2025

Closed access Metadata (CSL-JSON)
DOI 10.51889/2959-5894.2026.93.1.024
Data confidence 70 medium
How this score is calculated

It is built from checkable properties of the record itself: whether the article has a DOI, how many independent sources confirmed its data, whether the required fields are filled in, and how recent the latest confirmation is. Disagreement between sources and a missing identifier lower it. A value of 80 or above means the record was published without further checking; 60 to 79 means it is published at reduced confidence, with a manual check advisable. A record verified by an editor by hand is never pushed below 90 by a recalculation. This scores our data about the article, not the article itself.

Abstract

Қазіргі білім беруде жасанды интеллект (ЖИ) технологиялары оқу процесінің белсенді қатысушысына айналуда, алайда олардың оқушылардың когнитивтік қабілеттеріне, атап айтқанда алгоритмдік ойлауына әсері әлі де жеткілікті зерттелмеген. Осыған орай мақаланың мақсаты оқушылардың ЖИ-ді пайдалану арқылы алгоритмдік ойлау дағдыларын қалыптастыру процесін сандық және сапалық тұрғыдан талдауға негізделген кешенді аралас зерттеудің нәтижелерін көрсету болып табылады. Мақалалық зерттеуде PRISMA әдісі бойынша библиометриялық талдауды, тесттер мен Лайкерт шкаласы бойынша сауалнамаларды қолдана отырып педагогикалық экспериментті, сондай-ақ оқушылармен сұхбаттарды сапалық тақырыптық талдауды қамтитын аралас дизайн қолданылу барысы баяндалады. Алгоритмдік ойлауды қалыптастыруда ЖИ-дің әсерін зерттеу үшін бақылау және эксперименттік топтарға бөлінген 60 оқушы қатысты. Нәтижелер эксперименттік топта алгоритмдік ойлау деңгейінің статистикалық маңызды өскенін көрсетті. Сауалнама декомпозиция және сыни тұрғыдан ойлау дағдыларының дамуындағы оң динамиканы анықтады (мода мен медиананың ығысуы). Сұхбаттардың тақырыптық талдауы қарапайым сұраулардан диалогқа, нәтижелерді тексеруге және метатанымдық дағдыларды дамытуға дейінгі ЖИ-мен өзара әрекеттесу стратегияларының эволюциясын ашты. Бұл педагогикалық тұрғыдан ұйымдастырылған ЖИ-мен өзара әрекеттесу оқушылардың ойлау стратегияларын өзгертіп, оларды неғұрлым саналы және құрылымды ететіні, сондай-ақ құбылысты зерттеу үшін аралас тәсілдің өнімділігін растайды деген қорытынды жасауға мүмкіндік берді.