WAYS TO DEVELOP GRAMMATICAL SKILLS THROUGH THE VAK MODEL IN ENGLISH LANGUAGE LESSON

2026

Closed access Metadata (CSL-JSON)
DOI 10.52081/phsj.2026.v13.i1.074
Data confidence 70 medium
How this score is calculated

It is built from checkable properties of the record itself: whether the article has a DOI, how many independent sources confirmed its data, whether the required fields are filled in, and how recent the latest confirmation is. Disagreement between sources and a missing identifier lower it. A value of 80 or above means the record was published without further checking; 60 to 79 means it is published at reduced confidence, with a manual check advisable. A record verified by an editor by hand is never pushed below 90 by a recalculation. This scores our data about the article, not the article itself.

Abstract

Бұл мақалада орта сынып оқушыларының ағылшын тілі грамматикасын меңгеру үдерісінде VAK (Visual, Auditory, Kinesthetic) моделін қолданудың әдістемелік тиімділігі жан-жақты қарастырылады. Қазіргі білім беру парадигмасында білім алушылардың жеке психофизиологиялық ерекшеліктерін ескеру сапалы нәтижеге жетудің негізгі шарты. Зерттеудің өзектілігі дәстүрлі грамматика оқыту әдістерінің оқушылардың танымдық қажеттіліктерін толық қанағаттандырмауымен және соның салдарынан пәнге деген мотивацияның төмендеуімен түсіндіріледі. Автор мақала аясында ақпаратты қабылдаудың әр түрлі деңгейіндегі оқушыларға арналған нақты әдістемелік тәсілдер кешенін ұсынады. Атап айтқанда, визуалдар үшін Mind Map (ой картасы) мен графикалық органайзерлерді, аудиалдар үшін ритмдік қайталаулар (Grammar Chants) мен аудио-инструкцияларды, ал кинестетиктер үшін Lego Grammar және «жанды сөйлемдер» сияқты қозғалысқа негізделген ойын элементтерін қолданудың маңызы дәлелденеді. Тәжірибелік зерттеу нәтижелері көрсеткендей, сенсорлық арналарды дифференциалды түрде пайдалану оқушылардың грамматикалық сауаттылығын 40%-дан 90%-ға дейін арттыруға мүмкіндік береді. Мақалада VAK моделін жүйелі түрде қолданудың психологиялық жайлылық қалыптастыратыны және тілдік кедергілерді жоятыны негізделген. Зерттеу қорытындысы бойынша, визуалды материалдарды, тыңдалым тапсырмаларын және физикалық белсенділікті ұштастыру білім алушылардың грамматикалық құрылымдарды өмірлік жағдайларда саналы түрде қолдану дағдысын қалыптастырады. Бұл әдістемелік жұмыс ағылшын тілі мұғалімдері үшін инклюзивті және тұлғаға бағытталған оқу ортасын құруда практикалық құрал ретінде ұсынылады.