ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ ЖӘНЕ ЦИФРЛЫҚ ТӘУЕЛДІЛІК: ҚҰМАР ОЙЫНДАРДЫҢ АВТОМАТТАНДЫРЫЛУЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ

2026

Full text Open access: Hybrid Metadata (CSL-JSON)
DOI 10.51889/2959-6270.2026.93.1.005
Data confidence 70 medium
How this score is calculated

It is built from checkable properties of the record itself: whether the article has a DOI, how many independent sources confirmed its data, whether the required fields are filled in, and how recent the latest confirmation is. Disagreement between sources and a missing identifier lower it. A value of 80 or above means the record was published without further checking; 60 to 79 means it is published at reduced confidence, with a manual check advisable. A record verified by an editor by hand is never pushed below 90 by a recalculation. This scores our data about the article, not the article itself.

Abstract

Бұл мақалада жасанды интеллекттің цифрлық тәуелділікке, әсіресе құмар ойындардың онлайн форматта автоматтандырылуына ықпалы әлеуметтанулық және пәнаралық тұрғыда кешенді түрде талданады. Зерттеу заманауи қоғамда тамыр жайып келе жатқан «цифрлық есірткі» феноменінің пайда болу себептері мен әлеуметтік салдарын ашуға бағытталып, оны түсіндіруге көмектесетін жетекші әлеуметтік теориялар негізге алынды. Әдіснама ретінде пәнаралық ғылыми әдебиеттерге шолу жасалып, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) деректері, психология мен ақпараттық технология салаларындағы заманауи зерттеу-лер пайдаланылды. Сондай-ақ технологиялық платформалардағы алгоритмдер мен пайдалану-шы мінез-құлқы арасындағы өзара байланыс талданды. Зерттеу нәтижелері қазіргі тәуекелге толы қоғамда цифрлық тәуелділіктің үдей түскенін, ал әлеуметтік желілер мен онлайн ойын-дардың құмар ойын механикасын қайталау арқылы адамның марапат жүйесін үздіксіз белсендіретінін көрсетті. Жасанды интеллекттің бейімделген контент ұсыну қабілеті «аспаптық биліктің» жасырын формасы ретінде әрекет етіп, пайдаланушы санасына ықпал етеді. Онлайн құмар ойындардың дәстүрлі казинолардан асып түсіп, 24/7 қолжетімді болуына байланысты лудоманияның таралу аумағы кеңейіп, әсіресе жастар мен әлеуметтік осал топтар үшін қауіп күшейгені байқалды. Аталған құбылыстар Энтони Гидденс пен Ульрих Бектің модернизация теориясы, Мануэль Кастельстің желілік қоғам тұжырымдамасы, Шошана Зубоффтың «бақылау капитализмі» және Жиль Делөздің «бақылау қоғамы» идеяларының шеңберінде түсіндірілді. Сонымен қатар Роберт Гранфилдтің «тәуелділік фетишизмі» ұғымы цифрлық тәуелділікті биомедициналық шектеулі көзқарастан шығарып, оны әлеуметтік-мәдени контексте зерделеудің маңызын ашты. Яғни, жасанды интеллектпен автоматтанды-рылған құмар ойындар мен цифрлық тәуелділік —жаһандану дәуірінде қалыптасқан әлеуметтік дерттің жаңа формасы. Бұл мәселені еңсеру үшін жеке тұлғалық, отбасылық және институционалдық деңгейлерде үйлестірілген саясат пен алдын алу шаралары қажет. Мақала соңында нақты ұсыныстар мен ықтимал шешім жолдары ұсынылады.