ЖАСТАРДЫҢ САЯСИ ӘЛЕУМЕТТЕНУІНІҢ ИНСТИТУЦИОНАЛДЫҚ ЖӘНЕ ЦИФРЛЫҚ ФАКТОРЛАРЫ:ҚҰРЫЛЫМДЫҚ ТАЛДАУ

2026

Full text Open access: Hybrid Metadata (CSL-JSON)
DOI 10.51889/2959-6270.2026.93.1.004
Data confidence 70 medium
How this score is calculated

It is built from checkable properties of the record itself: whether the article has a DOI, how many independent sources confirmed its data, whether the required fields are filled in, and how recent the latest confirmation is. Disagreement between sources and a missing identifier lower it. A value of 80 or above means the record was published without further checking; 60 to 79 means it is published at reduced confidence, with a manual check advisable. A record verified by an editor by hand is never pushed below 90 by a recalculation. This scores our data about the article, not the article itself.

Abstract

Мақалада қазіргі саяси режимдердің трансформациясы және цифрлық орта жағдайында жастардың саяси әлеуметтену тетіктері қарастырылады. Зерттеудің теориялық негізін Э.Гидденстің құрылымдану теориясы, Х. Ортега-и-Гассеттің «бұқара көтерілісі» концепциясы, сондай-ақ К. Шмитттің саясиды «өзге-бөгде» ара жігін ажырату саласы ретінде түсінуі құрайды. Жұмыста Ф.И. Долгих зерттеулеріне сүйене отырып, саяси партиялардың жастар бірлестіктерінің қызмет етуінің институционалдық аспектілері және олардың қызметінің құқықтық тетіктері де талданады. Қатысу формаларын, идентификацияны және жастардың саяси жұмылдырылуын өзгертетін саяси әлеуметтенудің жаңа агенті ретінде әлеуметтік желілердің ықпалына ерекше назар аударылады.Мақаланың мақсаты -өңірлік контексте жас ұрпақтың саяси әлеуметтену ерекшеліктерін айқындайтын құрылымдық және институционалдық факторларды анықтау, сондай-ақ саяси сананы қалыптастырудың дәстүрлі және цифрлық арналарының арақатынасын талдау. Зерттеу аясында құрылымдық-функционалдық және институционалдық тәсілдер, сондай-ақ дискурсивті талдау элементтері қолданылады. Нәтижелер цифрландыру жағдайында дәстүрлі саяси институттарға сенімнің бір мезгілде төмендеуімен қатар, саяси ұстанымдарды қалыптас-тыруда желілік коммуникациялардың рөлі күшейетінін көрсетеді. Саяси партиялар мен жастар ұйымдары өзара іс-қимылдың жаңа форматтарына бейімделуде, алайда жастардың саяси белсенділік дәрежесіне әсер ететін институционалдық шектеулер сақталуда. Қазіргі саяси әлеуметтену билікті қайта өндірудің институционалдық тетіктері мен қатысудың жаңа цифр-лық формаларын үйлестіре отырып, гибридті сипатқа ие деген қорытынды жасалды, бұл жас ұрпақтың саяси субъективтілігінің қайшылықты, бірақ динамикалық моделін қалыптастырады.