ҚАУІПСІЗДІК ПЕН ҚОҒАМ: ТЕРРОРИЗМДІ ҚАРЖЫЛАНДЫРУДЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК ЛОГИКАСЫ

2026

Full text Open access: Hybrid Metadata (CSL-JSON)
DOI 10.51889/2959-6270.2026.93.1.006
Data confidence 70 medium
How this score is calculated

It is built from checkable properties of the record itself: whether the article has a DOI, how many independent sources confirmed its data, whether the required fields are filled in, and how recent the latest confirmation is. Disagreement between sources and a missing identifier lower it. A value of 80 or above means the record was published without further checking; 60 to 79 means it is published at reduced confidence, with a manual check advisable. A record verified by an editor by hand is never pushed below 90 by a recalculation. This scores our data about the article, not the article itself.

Abstract

Бұл мақалада терроризмді қаржыландыру құбылысы тар экономикалық не құқықтық категория ретінде емес, әлеуметтік құрылымдардың ішкі логикасымен шартталған көпқабатты феномен ретінде қарастырылады. Автор терроризмді қаржыландыру тетіктерін әлеуметтік өрістердің өзара әрекеттесуі нәтижесінде қалыптасатын капитал алмасу механизмдерімен байланыстыра отырып, оның идеологиялық және мәдени детерминанттарын теориялық тұрғыдан негіздеуді мақсат етеді. Әдіснамалық тұрғыда зерттеу П. Бурдьенің капиталдар теориясы мен өріс концепциясына, У. Бектің «қауіп-қатер қоғамы» тұжырымдамасына және С.Жижектің идеологияны талдау парадигмасына сүйенген синтетикалық тәсілге негізделеді. Эмпирикалық база ретінде Қазақстан мен Орталық Азия кеңістігіндегі қаржылық мониторинг деректері, радикализацияға қатысты ресми есептер және әлеуметтік медиа дискурсына жүргізілген талдау пайдаланылды. Зерттеу нәтижелері терроризмді қаржыландырудың әлеу-меттік логикасын үш деңгейде айқындайды: микродеңгейде –сенім, туыстық және бейресми желілердің экономикалық ресурсқа айналуы; мезодеңгейде –діни және этникалық қауымдас-тықтар шеңберінде символдық және идеологиялық капиталдың шоғырлануы; макродеңгейде –трансұлттық қаржы желілерінің легитимациялық құрылымдары. Біз бұл үдерістің тек қаржылық емес, мәдени және коммуникативтік инфрақұрылым арқылы ұдайы өндірілетінін көрсетеміз. Бұл талдау терроризмге қарсы саясаттың тиімділігі бақылау тетіктерімен шектел-мей, әлеуметтік-идеологиялық кеңістікті құрылымдық басқаруды талап ететінін білдіреді. Осылайша, қауіпсіздік саясатын социологиялық парадигма негізінде қайта пайымдау қажеттілігі айқындалады.