СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫН АУМАҚТЫҚ ЖОСПАРЛАУДА ГАЖ ТЕХНОЛОГИЯСЫН ҚОЛДАНУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ

2026

Full text Open access: Hybrid Metadata (CSL-JSON)
DOI 10.37884/2-2026/05
Data confidence 70 medium
How this score is calculated

It is built from checkable properties of the record itself: whether the article has a DOI, how many independent sources confirmed its data, whether the required fields are filled in, and how recent the latest confirmation is. Disagreement between sources and a missing identifier lower it. A value of 80 or above means the record was published without further checking; 60 to 79 means it is published at reduced confidence, with a manual check advisable. A record verified by an editor by hand is never pushed below 90 by a recalculation. This scores our data about the article, not the article itself.

Abstract

Мақалада Солтүстік Қазақстандағы ауыл шаруашылығы жерлерін агроэкологиялық аудандастырудың ғылыми-теориялық және әдістемелік негіздері қарастырылып, олардың экологиялық-экономикалық оңтайландыру жолдары жан-жақты талданады. Зерттеу BR24993222 бағдарламасы аясында жүзеге асырылып, аймақтық аумақты тұрақты дамыту тұжырымдамасына негізделген. Солтүстік Қазақстан өңірі елдің астықты белдеуі болып саналатындықтан, оның жер ресурстарын тиімді пайдалану мәселесі аграрлық сектордың ұзақ мерзімді тұрақтылығын қамтамасыз етуде стратегиялық маңызға ие. Зерттеу барысында заманауи қашықтықтан зондтау деректері (Sentinel-2 спутниктік суреттері), NDVI (Normalized Difference Vegetation Index) және PLI (Prairie Landscape Inventory) индекстері, сондай-ақ ГАЖ (Географиялық Ақпараттық Жүйе) технологиялары қолданылды. Бұл әдістер агроландшафтардың кеңістіктік ұйымдасуын, егістік құрылымындағы өзгерістерді, климаттық факторлардың әсерін және жер деградациясының деңгейін кешенді бағалауға мүмкіндік берді. Әсіресе, топырақ құнарлылығының негізгі көрсеткіші болып саналатын гумус мөлшерінің азаюы, жерді ұтымсыз пайдалану нәтижесінде туындайтын экологиялық қауіптердің бірі ретінде қарастырылды. Сонымен қатар, ауыл шаруашылық алқаптарын қайта бөлу үрдістері мен дақыл құрылымындағы трансформация сипатталды. Майлы дақылдардың маңызы жылдан жылға артып келе жатқаны атап өтілді, бұл олардың климаттық бейімділігімен, жоғары экономикалық қайтарымымен және экспорттық әлеуетімен тікелей байланысты. Мұндай үрдістер ауыл шаруашылық өндірісінің жаңа бағыттарын айқындап, егіс алқаптарын әртараптандырудың қажеттілігін көрсетеді. Зерттеу нәтижелері ауыл шаруашылық кеңістігін тиімді жоспарлау барысында табиғи-географиялық, экономикалық және әлеуметтік факторларды кешенді түрде ескерудің маңыздылығын дәлелдейді. Авторлар ұсынған практикалық ұсыныстар агроландшафтарды ғылыми негізде ұйымдастыруға, жер ресурстарын ұтымды бөлуге және ауыл шаруашылығы өндірісінің тұрақтылығын арттыруға бағытталған.