Abstract
Кіріспе. Қазіргі таңда орман ресурстарын сақтау, қалпына келтіру тиімді пайдалану өзекті мәселе болып отыр. Шренк шыршасының рөлі ерекше, оның табиғи жолмен жаңаруы баяу жүретіндіктен, оны жасанды көбейту әдістерін зерттеу қажеттілігі туындап отыр. Осы мақсатта жүргізілген зерттеу барысында қалемшелерді өңдеу тәсілдері мен әртүрлі субстрат түрлері қарастырылды Материалдар мен әдістер. Іле Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің аумағында жүргізілді. Зерттеу нысаны ретінде отырғызылған Шренк шыршасының қалемшелері алынды өсу стимуляторлары қолданылды. Әрбір тәжірибе нұсқасында 50 қалемше пайдаланылып, тәжірибе үш рет қайталанды. Қалемшелердің төменгі бөліктері белгілі бір уақыт аралығында әртүрлі концентрациядағы өсу стимуляторларының сулы ерітінділеріне батырылып өңделді. Нәтижелер мен талқылау. Тәжірибе барысында екі қабатты субстрат қолданылып, барлық жұмыс кезеңдері алдын ала жоспарланды. Алынған нәтижелер талданды Шренк шыршасының қалемшелерінің тамырлану көрсеткіштері қолданылған өсу стимуляторларының концентрациясына тәуелді екені анықталды. Қалемшелерді өсу стимуляторларының ерітінділерімен өңдеу олардың тамыр түзу қабілетін айтарлықтай арттырғаны дәлелденді. Тәжірибе нұсқалары бойынша алынған нәтижелер салыстырмалы түрде талданды. Өсу стимуляторлары барлық қайталамаларда тұрақтылықты көрсеті. Қолданылған өсу стимуляторлардың әдістемелері тиімділігін дәлелдеді. Сондай-ақ алынған өсу стимуляторлардың нәтижелер Шренк шыршасын вегетативті жолмен көбейтудің технологиясын жетілдіруге мүмкіндік берді. Зерттеу нәтижесінде өсу стимуляторлармен өсірілген көшеттер өндірістік тиісті ұйымдарға таратылды. Қорытынды. Зерттеу жұмыстарының нәтижесінде Іле Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркі жағдайында Шренк шыршасын қалемшелер арқылы көбейтудің тиімді тәсілдері анықталып, қалемшелердің төменгі бөліктерін өсу стимуляторларының сулы ерітінділерінде өңдеудің олардың тамырлану деңгейін арттырып, тіршілікке бейімділігін жоғарылататыны дәлелденді. Қалемшелердің төменгі бөліктерін өсу стимуляторларының сулы ерітінділерінде өңдеу олардың тамырлану деңгейін арттырып, тіршілікке бейімділігін жоғарылататыны анықталды. Екі қабатты субстратты қолданудың тамыр жүйесінің қалыптасуына қолайлы жағдай жасайтыны анықталды. Өсімдіктердің дамуы мен әрі қарай өсіру мүмкіндігін қамтамасыз ететіндігі зерттелді.