Abstract
Кіріспе. Қазақстан Республикасының шөлейтті аймақтарында сексеуіл (Haloxylon spp) табиғи экожүйелердің тұрақтылығын сақтау. Сексеуіл ормандары жел эрозиясының алдын алу, топырақтың деградациясын тежеу, аридті аймақтардың микроклиматын реттеу сияқты экологиялық жұмыстарды жүргізу. Қазіргі таңда сексеуіл ормандарының жағдайын бағалау, өсу барысын жас топтары бойынша талдау, табиғи жаңарту өзекті мәселелердің бірі. Сексеуіл ормандарының қазіргі жағдайын кешенді түрде бағалау, деградацияға ұшырау себептерін ғылыми тұрғыдан зерттеу. Зерттеудің мақсаты- Оңтүстік Балқаш өңіріндегі сексеуіл ормандарының өсу барысын, жас топтары бойынша өсу динамикасын және табиғи жаңару жағдайын кешенді түрде зерттеу. Материалдар мен әдістер. Оңтүстік Балқаш өңіріндегі сексеуілдің өсу барысын, жас топтары бойынша динамикасын және табиғи жаңару жағдайын зерттеу. Зерттеу әдістемесі орман таксациясының классикалық әдістері, сексеуілдің экожүйесіне тән арнайы экологиялық және микроклиматтық өлшеулер қамтылды. Нәтижелер мен талқылау. Жұмыс барысында сексеуілдің геоақпараттық жүйелердің технологиялары кеңінен қолданылды. Оңтүстік Балқаш өңіріндегі сексеуіл ағашының өсу ерекшеліктері мен даму динамикасы жасына, климаттық жағдайларға, топырақтың физика-химиялық қасиеттеріне және ылғалмен қамтамасыз етілу деңгейі зерттелді. Осы зерттеуде 5, 10, 15, 20, 25 және 30 жастағы сексеуіл ағаштарының морфометриялық көрсеткіштері мен биомассы салыстырмалы түрде қарастырылып, олардың жас ұлғаюына байланысты өзгеру заңдылықтары анықталды. ССсСсСексеуілдің алғашқы жылдары тамыр жүйесін қалыптастыруға жер үсті вегетативті мүшелерінің дамуына күш жұмсайтыны анықталды. Сексеуілдің сыртқы ортаға бейімделуі тіршілікке қабілеттілігі зерттелді. Қорытынды. Ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижесінде Оңтүстік Балқаш өңіріндегі сексеуіл ормандарында жүргізілген далалық зерттеулер нәтижесінде сексеуілдің өсу барысы, жас құрылымы, биометриялық көрсеткіштері жан-жақты анықталды. Сексеуілдің 5–30 жас аралығындағы өсу динамикасы биіктік пен тамырмойны диаметрінің біртіндеп артуы сипатталды, орта жаста (15–25 жас) биомассаның ең жоғары жинақталатыны анықталды. Сексеуіл желегінің астындағы микроклиматтық жағдайлардың ашық алаңдармен салыстырғанда айырмашылық болатындығы дәлелденді.