ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ АУЫЛДЫҚ ЖЕРЛЕРДЕ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТЫЛУ ЖАҒДАЙЫ

2026

Full text Open access: Gold Metadata (CSL-JSON)
DOI 10.66608/2617-085x.2024.3.3.004
Data confidence 70 medium
How this score is calculated

It is built from checkable properties of the record itself: whether the article has a DOI, how many independent sources confirmed its data, whether the required fields are filled in, and how recent the latest confirmation is. Disagreement between sources and a missing identifier lower it. A value of 80 or above means the record was published without further checking; 60 to 79 means it is published at reduced confidence, with a manual check advisable. A record verified by an editor by hand is never pushed below 90 by a recalculation. This scores our data about the article, not the article itself.

Abstract

Мақала Қазақстан Республикасындағы ауылдық аумақтардың демографиялық дамуы мен жұмыспен қамту жүйесінің қазіргі жағдайын кешенді талдауға арналған. Қазіргі әлеуметтік-экономикалық даму жағдайында ауылдық аумақтардағы жұмыспен қамту мәселесі көптеген елдер үшін, соның ішінде Қазақстан Республикасы үшін де аса өзекті ғылыми және практикалық маңызға ие болып отыр. Зерттеудің мақсаты – Қазақстан Республикасындағы ауылдық жерлердегі демографиялық өзгерістер мен жұмыспен қамту құрылымының қазіргі жағдайын талдау, негізгі үрдістерді анықтау және ауылдық еңбек нарығын тұрақты дамыту бағыттарын айқындау. Зерттеу барысында ресми статистикалық деректер негізінде ауыл халқы санының, оның жас құрылымының және еңбек ресурстарының өзгеру динамикасы қарастырылды. Ауыл халқының жалпы халық санындағы үлесінің жыл сайын төмендеуі, әсіресе экономикалық белсенді жастағы тұрғындар санының қысқаруы ауылдық еңбек нарығының әлеуетіне кері әсер ететіні анықталды. Жұмыспен қамту құрылымын талдау нәтижелері ауылдық жерлерде жалдамалы жұмыстың үлесі артқанымен, оның нақты саны азайғанын, ал өзін-өзі жұмыспен қамтыған халық санының едәуір қысқарғанын көрсетті.Сонымен қатар ауыл, орман және балық шаруашылығы салаларындағы орташа айлық атаулы жалақы деңгейінің республика бойынша орташа көрсеткіштен төмен болуы ауыл тұрғындарының табыс деңгейіне және өмір сүру сапасына теріс ықпал етуде. Зерттеу нәтижелері ауылдық аумақтардағы әлеуметтік-экономикалық мәселелердің кешенді сипатын айқындап, жұмыспен қамтуды әртараптандыру, еңбек өнімділігін арттыру және ауылдық жерлерді тұрақты дамытуға бағытталған мемлекеттік саясатты жетілдірудің маңыздылығын негіздейді.