ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА БIР ПАЛАТАЛЫ ПАРЛАМЕНТТIК ЖҮЙЕНI ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ-ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖӘНЕ САЯСИ АЛҒЫШАРТТАРЫ

2026

Closed access Metadata (CSL-JSON)
DOI 10.52425/25187252_2026_39_41
Data confidence 70 medium
How this score is calculated

It is built from checkable properties of the record itself: whether the article has a DOI, how many independent sources confirmed its data, whether the required fields are filled in, and how recent the latest confirmation is. Disagreement between sources and a missing identifier lower it. A value of 80 or above means the record was published without further checking; 60 to 79 means it is published at reduced confidence, with a manual check advisable. A record verified by an editor by hand is never pushed below 90 by a recalculation. This scores our data about the article, not the article itself.

Abstract

Бұл зерттеудің мақсаты бiр палаталы парламенттiк жүйенi қалыптастырудың конституциялық құқықтық негiздерiн, тарихи, саяси-құқықтық алғышарттарын талдау және оның мемлекеттiк басқару мен демократияны дамытудың тиiмдiлiгiне әсерiн бағалау болып табылады. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасындағы парламентаризмнің даму эволюциясын қарастыру; Парламенттің құрылымын, өкілеттіктері мен ұйымдастыру қағидаттарын айқындайтын конституциялық-құқықтық нормаларды анықтау; саяси тұрақтылық үшін бір палаталы парламентке көшудің артықшылықтарын бағалау; бір палаталы құрылымның заңнамалық процеске ықпалын, қабылданатын заңдардың сапасын және билік тармақтарының өзара іс-қимылын айқындау зерттеу міндеттері болып табылады. Мақаланы жазу барысында зерттеудің жалпы ғылыми және арнайы-заңдық әдістері қолданылды. Сондай-ақ, авторлар бір палаталы парламенті бар мемлекеттердің шетелдік тәжірибесін зерттеп, оның Қазақстан Республикасына бейімделу мүмкіндігін бағалады. Авторлар сондай-ақ қазіргі екі палаталы құрылымның эволюциясын, 2022 жылғы конституциялық реформалардың саяси мазмұнын, сондай-ақ заңнамалық процесті оңтайландыруға бағытталған өзгерістердің маңыздылығын қарастырады. Бұдан басқа, шешім қабылдаудың тиімділігі, өңірлік өкілдік, саяси тұрақтылық және заңдылық деңгейі тұрғысынан бір палаталы үлгінің артықшылықтары мен сипаттары зерттеледі. Мақалада Қазақстан үшін посткеңестік институционалдық даму перспективасының тәжірибесіне салыстырмалы талдау жүргізіледі.