Вестник ЗКУ

2026

Full text Open access: Gold Metadata (CSL-JSON)
DOI 10.37238/2960-1371.2960-138x.2026.101(1).46
Data confidence 70 medium
How this score is calculated

It is built from checkable properties of the record itself: whether the article has a DOI, how many independent sources confirmed its data, whether the required fields are filled in, and how recent the latest confirmation is. Disagreement between sources and a missing identifier lower it. A value of 80 or above means the record was published without further checking; 60 to 79 means it is published at reduced confidence, with a manual check advisable. A record verified by an editor by hand is never pushed below 90 by a recalculation. This scores our data about the article, not the article itself.

Abstract

ЖОҒАРҒЫ ЕРТІС БАССЕЙНІНДЕГІ ШАҒЫН ӨЗЕНДЕРДІҢ ИХТИОФАУНАСЫ ЖƏНЕ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙЫАңдатпа.Жоғарғы Ертіс бассейніндегі шағын өзендердің (Жіңішкесу, Кендірлік, Қандысу, Бейіттібұлақ, жəне т.б.) ихтиофаунасының түрлік құрамы, таралу ерекшеліктері жəне қазіргі экологиялық жағдайы жан-жақты талданады.Зерттеу барысында ғылыми əдебиеттерге сүйене отырып, арнаның морфологиялық өзгерістері, гидрологиялық режимнің тұрақсыздығы, инвазиялық түрлердің көбеюі жəне антропогендік ластану факторларының балық популяцияларына əсері қарастырылады.Сонымен қатар трансшекаралық су саясатына қатысты маңызды мəселе -Қытай Халық Республикасының Қазақстанмен Ертіс суына байланысты үшжақты келісімге (Қазақстан-Қытай-Ресей) келмей, тек екіжақты келісімдермен шектелуі де талданады.Қытай аумағында суармалы егістік пен өндірістің ұлғаюына байланысты Ертіс өзенінен алынатын су көлемінің артуы шағын өзендерге келетін судың азаюына əкелуде.Бұл құбылыс өзен ағысының маусымдық өзгерістерін күрделендіріп, таяздану, су температурасының көтерілуі, оттегінің төмендеуі сияқты процестерді күшейтеді.Нəтижесінде реликті жəне толеранттылығы төмен балық түрлерінің тіршілік ареалы тарылып, популяциялар саны қысқаруда.Жинақталған мəліметтер Жоғарғы Ертіс бассейніндегі экожүйелердің тұрақтылығын сақтау, су ресурстарын тиімді басқару жəне трансшекаралық өзендерді қорғау бойынша ұсыныстар əзірлеуге мүмкіндік береді.Кілт сөздер: Жоғарғы Ертіс, ихтиофауна, шағын өзендер, инвазиялық түрлер, трансшекаралық су саясаты, гидрологиялық режим, экологиялық жағдай