Вестник ЗКУ

2026

Full text Open access: Gold Metadata (CSL-JSON)
DOI 10.37238/2960-1371.2960-138x.2026.101(1).34
Data confidence 70 medium
How this score is calculated

It is built from checkable properties of the record itself: whether the article has a DOI, how many independent sources confirmed its data, whether the required fields are filled in, and how recent the latest confirmation is. Disagreement between sources and a missing identifier lower it. A value of 80 or above means the record was published without further checking; 60 to 79 means it is published at reduced confidence, with a manual check advisable. A record verified by an editor by hand is never pushed below 90 by a recalculation. This scores our data about the article, not the article itself.

Abstract

ГЕОДЕРЕКТЕРДІ ВИЗУАЛИЗАЦИЯЛАУ ҮШІН ВЕБ ҚОСЫМШАНЫ ӘЗІРЛЕУ Аңдатпа.Мақалада мысал ретінде Қазақстан аймақтарындағы урбанизация көрсеткіштерін пайдалана отырып, географиялық деректерді қарау және талдау үшін веб-қосымшаны әзірлеу қарастырылады.Зерттеудің өзектілігі кеңістіктік деректер көлемінің ұлғаюымен және оларды интерактивті веб-құралдар көмегімен талдау мен интерпретациялау қажеттілігінен туындайды.ArcGIS Online бұлттық платформасы және ArcGIS Experience Builder пайдаланушы интерфейсін жобалау ортасы веб-ГАЖ-ды бағдарламалау кодын жазбай-ақ жүзеге асыруға мүмкіндік беретін технологиялық негіз ретінде қолданылды.Мақалада веб-клиенттік интерфейстен, серверлік инфрақұрылымнан және географиялық деректерді сақтау қабатынан тұратын жүйенің архитектурасы сипатталады.Бастапқы деректер Қазақстан Республикасының Ұлттық статистика бюросының 2022-2025 жылдарға арналған ресми статистикалық материалдарынан алынды.Әзірленген веб-қосымша урбанизация көрсеткіштерін интерактивті түрде визуализациялауға, аймақтарды тақырыптық критерийлер бойынша сүзуге, статистикалық диаграммалар құруға және қалалық кеңістікті үш өлшемді форматта бейнелеуге мүмкіндік береді.Алынған нәтижелер географиялық және статистикалық деректерді біртұтас визуалды ортада біріктіру үшін веб-ГАЖ технологияларының жоғары тиімділігін көрсетеді.Жұмыстың практикалық маңыздылығы әзірленген веб-қосымшаны аумақтық мониторинг, әлеуметтік-экономикалық процестерді талдау және басқарушылық шешімдерді қолдау сияқты қолданбалы міндеттерді шешуде пайдалануға болатынымен айқындалады.