Экологиялық деградацияға ұшыраған тұзданған және органикалық ластанған топырақты қалпына келтірудегі биокөмірдің рөлі

Eurasian Agrotechnical Journal, 2026

Full text Open access: Gold Metadata (CSL-JSON)
DOI 10.51452/eaj.2026.1(129).2134
Data confidence 70 medium
How this score is calculated

It is built from checkable properties of the record itself: whether the article has a DOI, how many independent sources confirmed its data, whether the required fields are filled in, and how recent the latest confirmation is. Disagreement between sources and a missing identifier lower it. A value of 80 or above means the record was published without further checking; 60 to 79 means it is published at reduced confidence, with a manual check advisable. A record verified by an editor by hand is never pushed below 90 by a recalculation. This scores our data about the article, not the article itself.

Abstract

Алғышарттар мен мақсат. Бұл шолу мақалада биокөмірдің тұзданған, кебірленген және органикалық ластанған топырақтардың физикалық-химиялық және биологиялық қасиеттеріне әсері мен дақылдардың өнімділігін арттырудағы рөлін қарастырылады. Зерттеудің мақсаты – биокөмірді қолдану арқылы топырақ қасиеттерін жақсарту, ластаушы заттардыңбейтараптандырылуын арттыру және ауыл шаруашылығы өнімділігін жоғарлату жолдарынанықтау.Материалдар мен әдістер. Шолу материалдары негізінде биокөмірдің әртүрлі шикізат түрлері (ағаш, лигноцеллюлоза, көң), оларды 450-600 °C температурада пиролиздеу жағдайлары және кейбір үлгілерді Fe немесе O/N қоспаларымен функционалдандыру әдістері бойынша салыстырмалы талдау жүргізілді. Сонымен қатар, биокөмірді топыраққа енгізу мөлшері (1–40т/га) және оның топырақтың рН-ы, электр өткізгіштігі (ECe), натрий индекстері (SAR, ESP), су ұстау қабілеті (WHC), катион алмасу сыйымдылығы (CEC), органикалық көміртегі (SOC), ластаушы заттарды жою тиімділігі мен дақыл өнімділігіне әсері бағаланады.Нәтижелер. Биокөмір тұзданған топырақта электрлік өткізгіштікті (ECe) 7-30%-ға дейін төмендетіп, дақыл өнімділігін 20-32%-ға арттырғанын көрсетті. Кебір топырақта ESP 15-25%-ға, SAR шамамен 20%-ға төмендеді. Органикалық ластаушылар болған жағдайда PAH пен пестицидтерді жою тиімділігі 70-90%-ға жетіп, мұнай көмірсутектерінің мөлшері 30-70%-ға азайды. Биокөмір топырақ құрылымын жақсартып, микроорганизмдердің белсенділігін арттырды. Функцияландырылған үлгілердің сорбциялық және каталитикалық қасиеттері күшейді, ал қолдану мөлшері мен енгізу тереңдігі тиімділікті анықтайтын маңызды факторлар болды.Қорытынды. Зерттеу нәтижелері биокөмір топырақты қалпына келтіруде көпфункционалды және тұрақты құрал екенін көрсетті. Ол тұздылық пен қышқылдықты реттеуге, органикалық ластаушыларды бейтараптандыруға және дақыл өнімділігін арттыруға ықпал етеді.Нәтижелер. Биокөмірді стандартталған тәсілдермен қолданудың тиімділігін растап, тұрақты ауыл шаруашылығы мен экологиялық қалпына келтіруде маңызды рөл атқаратынын көрсетеді.