Нанобөлшектер – өсімдік ұлпаларын in vitro культивациялеу технологиясының элементі

Eurasian Agrotechnical Journal, 2026

Full text Open access: Gold Metadata (CSL-JSON)
DOI 10.51452/eaj.2026.1(129).2125
Data confidence 70 medium
How this score is calculated

It is built from checkable properties of the record itself: whether the article has a DOI, how many independent sources confirmed its data, whether the required fields are filled in, and how recent the latest confirmation is. Disagreement between sources and a missing identifier lower it. A value of 80 or above means the record was published without further checking; 60 to 79 means it is published at reduced confidence, with a manual check advisable. A record verified by an editor by hand is never pushed below 90 by a recalculation. This scores our data about the article, not the article itself.

Abstract

Алғышарттар мен мақсат. Өлшемі, түрі және морфологиясы әртүрлі нанобөлшектер өсімдікшаруашылығындағы көптеген мәселелерді шешуге арналған тиімді препараттар ретінде, атап айтқанда тыңайтқыштар, өсуді реттегіштер және пестицидтер ретінде өз тиімділігін көрсетті. Нанобөлшектер өсу үдерісіне ынталандырушы әсер етіп, су мен қоректік элементтердің баяу босап шығуына ықпал етеді. Сондай-ақ олардың биоцидтік қасиеттері өсімдік ұлпалары культурасында қолданылуына негіз болды.Материалдар мен әдістер. Шолуда әртүрлі элементтердің нанобөлшектерін модификацияланғанқоректік орталардың компоненттері ретінде қолдануға арналған жарияланымдар талданып, түрлі өсімдік дақылдарының микроклондық көбейту тиімділігін арттыру рөлі қарастырылды. Зерттеу барысында нанобөлшектердің өсімдіктердің өсуі мен морфогенезіне тигізетін екіжақты әсері (өсуінынталандыруы және фитоуыттылық көріністері) plant tissue culture әдісі негізінде in vitro жағдайындабағаланды. Тәжірибелер стерильді қоректік ортада жүргізіліп, морфометриялық және физиологиялықкөрсеткіштер кешенді түрде талданды.Нәтижелер. Нанобөлшектердің (НБ) өсімдік жасушаларымен өзара әрекеттесу механизмдері,нанотыңайтқыштардың дәстүрлі формалармен салыстырғандағы артықшылықтары және НБ-діңәртүрлі түрлерін (металдар, олардың оксидтері, кремний, көміртекті материалдар) қоректік орталардың компоненттері ретінде, соның ішінде контаминация қаупін төмендету үшін пайдалану мүмкіндіктері қарастырылды. Тақырып бойынша жүргізілген шолу in vitro жағдайындағы өсімдік ұлпалары культурасында нанобөлшектердің көптеген артықшылықтарын айқындай отырып, сонымен бірге өсімдік биотехнологиясында наноматериалдарды қолдану дозалары мен тәсілдерін оңтайландыру үшін қосымша зерттеулердің қажеттігін көрсетті.Қорытынды. Нанобөлшектерді пайдалану негізінде өсімдіктерді клондық микрокөбейту әдісін жетілдіру үлкен практикалық маңызы бар. Өйткені бұл биотехнологиялық тәсілдер арқылы жаңа сорттар мен формаларды қалыптастыру жұмыстарын неғұрлым тиімді жүргізуге, сондай-ақ өсімдіктердің генқорын сақтауға және бастапқы тұқым шаруашылығына арналған материалды көбейту қарқынын арттыруға мүмкіндік береді.