Сайрам-Өгем мемлекеттік ұлттық табиғи паркіндегі сібір елігі мен қабанның таралуы мен саны

Eurasian Agrotechnical Journal, 2026

Full text Open access: Gold Metadata (CSL-JSON)
DOI 10.51452/eaj.2026.1(129).2129
Data confidence 70 medium
How this score is calculated

It is built from checkable properties of the record itself: whether the article has a DOI, how many independent sources confirmed its data, whether the required fields are filled in, and how recent the latest confirmation is. Disagreement between sources and a missing identifier lower it. A value of 80 or above means the record was published without further checking; 60 to 79 means it is published at reduced confidence, with a manual check advisable. A record verified by an editor by hand is never pushed below 90 by a recalculation. This scores our data about the article, not the article itself.

Abstract

Алғышарттар мен мақсат. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардағы жұптұяқты жануарлар популяциясының жай-күйін зерттеу биоалуантүрлілікті сақтау тұрғысынан өзекті мәселе болып табылады. Мақалада Сайрам-Өгем мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің аумағында мекендейтін сібір елігі (Capreolus pygargus Pallas, 1771) мен қабанның (Sus scrofa, Linnaeus, 1758) таралуерекшеліктері және санының динамикасы қарастырылған. Аталған түрдің таралу ерекшеліктерімен санының динамикасын зерттеу популяцияларды тиімді қорғау шараларын ғылыми негізде ұйымдастыру үшін маңызды болып саналады.Материалдар мен әдістер. Зерттеу жұмыстары 2024-2025 жылдары Сайрам-Өгем мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің аумағында жүргізілді. Зерттеу нысандары ретінде парк аумағында тіршілік ететін сібір елігі мен қабан популяциялары алынды. Зерттеу бағдарламасына сәйкес аталған түрлердің табиғи парк аумағындағы таралу ерекшеліктері, есепке алу көрсеткіштері,азықтық қоры және популяциялық құрылымы анықталды. Сайрам-Өгем мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде сібір елігінің таралу ерекшеліктерін айқындау мақсатында далалық бақылаулармен қатар, арнайы әзірленіп, орманшылар мен аңшылық мамандары арасында таратылған сауалнамалардың нәтижелері де пайдаланылды.Нәтижелер. Бақылау жұмыстары барысында аталық және аналық дарақтардың биотоптар бойынша таралу ерекшеліктерінде айырмашылықтар бар екені анықталды. Санақ нәтижелері сібір елігі мен қабан популяцияларының жыныстық-жастық құрылымында филиалдар арасында айырмашылықтар бар екенін көрсетті. Бұл жағдай парк аумағындағы мекендеу ортасының алуандылығымен және азықтық ресурстардың кеңістікте бөлінуімен байланысты екеніанықталды.Қорытынды. Алынған нәтижелер «Сайрам-Өгем» МҰТП аумағындағы сібір елігі мен қабан популяцияларының экологиялық ерекшеліктерін тереңірек түсінуге мүмкіндік береді және осы түрлерді қорғау, тұрақты пайдалану, мониторинг жүргізу мен басқару стратегияларын әзірлеу үшін маңызды ғылыми негіз болып табылады. Сонымен қатар, зерттеу нәтижелері антропогендік қысымды азайтуға және негізгі мекендеу аймақтарын сақтауға бағытталған табиғатты қорғаушараларын жетілдіруге септігін тигізеді.