БИЛІКТІҢ ТРАНСФОРМАЦИЯСЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ФИЛОСОФИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ

2026

Full text Open access: Gold Metadata (CSL-JSON)
DOI 10.48010/aa.v28i1(107).816
Data confidence 70 medium
How this score is calculated

It is built from checkable properties of the record itself: whether the article has a DOI, how many independent sources confirmed its data, whether the required fields are filled in, and how recent the latest confirmation is. Disagreement between sources and a missing identifier lower it. A value of 80 or above means the record was published without further checking; 60 to 79 means it is published at reduced confidence, with a manual check advisable. A record verified by an editor by hand is never pushed below 90 by a recalculation. This scores our data about the article, not the article itself.

Abstract

Мақалада адамзат өркениетінің даму тарихында өзектілігін ешқашан жоғалтпаған биліктің трансформациясы және философиялық қырлары талданады. Автор билік ұғымының мәнін ашу арқылы оның қоғамдық институттар мен азаматтық-құқықтық қатынастар жүйесіндегі орны мен маңызын, сондай-ақ мемлекеттілік пен қоғамдық құрылымдар аясындағы рөлін сипаттайды.Зерттеуде билік құбылысын талдаудың заманауи ғылыми-теориялық тәсілдері мен әдістері қолданылып, осы саладағы негізгі тұжырымдамалық проблемалар айқындалады. Мақалада биліктің институционалдық (формальды) және мазмұндық (құндылықтық, символдық) сипаттары кеңінен ашылады. Сонымен қатар, биліктің түрлері, феноменологиялық формалары мен мағыналық деңгейлері жүйелі түрде сипатталып, қазіргі заман жағдайындағы билік қатынастарын түсінудің ерекшеліктері жан-жақты қарастырылады.Зерттеу барысында биліктің ішкі құрылымын және оның саяси жүйелер мен әлеуметтік кеңістіктегі көріністерін талдау негізгі әдістемелік ұстаным ретінде ұсынылады. Мақалада билікке объективті сипаттама беру арқылы қоғамдағы бағыну, әлеуметтік иерархия және өзара әрекеттестік қатынастардың қалыптасу тетіктері айқындалады. Сонымен бірге, билік туралы ұғым мен оның түрлері жөнінде ғылыми негізделген ақпарат ұсыну арқылы бұл ұғымның адамдар арасындағы қарым-қатынас жүйесіндегі орны мен ықпалы талданады.