ҚАЗАҚСТАННЫҢ ШЫҒЫС АЙМАҒЫНДА ӨСІРІЛЕТІН ҚАЗАҚ БАКТРИАН ТҮЙЕ ТҰҚЫМЫНЫҢ ӨСУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

2026

Full text Open access: Hybrid Metadata (CSL-JSON)
DOI 10.37884/1-2026/05
Data confidence 70 medium
How this score is calculated

It is built from checkable properties of the record itself: whether the article has a DOI, how many independent sources confirmed its data, whether the required fields are filled in, and how recent the latest confirmation is. Disagreement between sources and a missing identifier lower it. A value of 80 or above means the record was published without further checking; 60 to 79 means it is published at reduced confidence, with a manual check advisable. A record verified by an editor by hand is never pushed below 90 by a recalculation. This scores our data about the article, not the article itself.

Abstract

Мақалада Абай облысы Абай ауданына қарасты «Қасқабұлақ» ЖШС асыл тұқымды мал шаруашылығы жағдайында өсірілетін қос өркешті қазақ бактриан тұқымы түйесінің 1,6, 18 және 42 айлық жас түйелерінің тірілей салмақтары мен дене өлшемдері көрсеткіштерін зерттеу нәтижелері ұсынылған. Түйе төлдерінің жасына қарай тірілей салмағы мен биометриялық көрсеткіштеріне кешенді талдау жүргізіліп, қаңқа дамуының деңгейін, кеуде қуысының қалыптасуын, дене құрылымының тепе-теңдігі мен үйлесімділігін сипаттайтын индекстік көрсеткіштер анықталды. Шығыс Қазақстан жағдайында өсірілетін қос өркешті қазақ бактриан тұқымы түйесі тез жетілгіштігімен, тірілей салмақ қосуының тұрақтылығымен, мықты конституциясымен және заманауи түйе шаруашылығы талаптарына сәйкес келетіндігімен сипатталады. Алынған деректер қос өркешті қазақ бактриан тұқымы түйесінің жайылымдық жағдайға жоғары бейімделгіштігін және генетикалық әлеуетін дәлелдейді, әрі Қазақстанның шығыс өңірінің табиғи-климаттық аймақтарында өсіру ұсынылады. Қазақстанның шығыс аймағында өсірілетін қазақ бактриан түйе тұқымының бір айлық жасынан қырық екі айлық жасы аралығындағы дене өлшемдерін салыстырғанда шоқтығының биіктігі бір айдан алты айға дейін 40,3 см, тұлғасының қиғаш ұзындығы 34,4 см, кеуде орамы 66,1 см жоғары болса жоғары болса, білезік орамы 1,5 см өссе, алты айдан он сегіз ай аралығында сәйкесінше 15,6; 11,0; 23,7; 1,6 см, он сегіз айдан қырық екі айға дейін сәйкесінше 14,6; 18,8; 32,7; 0,9 см өсті. Аталған шаруашылықта боталардың орташа тәуліктік салмақ қосуы алғашқы бір айда 1350,0 г, алты айда 685,3 г болса, 18 және 42 айында айтарлықтай төмендеп сәйкесінше 337,8; 289,9 г болды. Алынған тірілей салмақ көрсеткіштері мен негізгі зоотехникалық дене өлшемдері қазақ бактриан түйесі тұқымының стандартына толық сәйкес келеді.