«ҚҰРАН ҚҰРСАУЫ» ЖӘНЕ МҰСЫЛМАН ЗИЯЛЫ ҚАУЫМ ӨКІЛДЕРІНЕ ҚАРСЫ ІС: ЖАҢА ЗЕРТТЕУЛЕР (1930-1940)

2026

Full text Open access: Gold Metadata (CSL-JSON)
DOI 10.51889/2959-6017.2026.88.1.022
Data confidence 70 medium
How this score is calculated

It is built from checkable properties of the record itself: whether the article has a DOI, how many independent sources confirmed its data, whether the required fields are filled in, and how recent the latest confirmation is. Disagreement between sources and a missing identifier lower it. A value of 80 or above means the record was published without further checking; 60 to 79 means it is published at reduced confidence, with a manual check advisable. A record verified by an editor by hand is never pushed below 90 by a recalculation. This scores our data about the article, not the article itself.

Abstract

Кеңес дәуіріндегі ғылыми әдебиеттер мен шығыстану саласындағы зерттеулер 1920-1940 жылдар аралығындағы саяси репрессиялар тарихында ислам факторының рөлін толыққанды ашып көрсете алмады. Бұл кезеңде исламдық ортаның әлеуметтік, мәдени және рухани құры-лымдарына жасалған қысым жүйелі түрде жүзеге асырылғанына қарамастан, оның тарихи салмағы мен табиғаты зерттеушілер назарынан тыс қалды. Мұсылман халқының аймақтық ерекшеліктерін ескерсек, мәселенің өткірлігі айқындала түседі: сол кезеңде көптеген ұлттық республикаларда ауылдық мұсылман тұрғындарының үлесі 10–60 пайыз аралығында құбылып отырды, ал көшпелі және жартылай көшпелі қауымдастықтарда бұл көрсеткіш одан да жоғары болды. 1930-жылдары күшейген кеңестік репрессиялық аппараттың қызметі қоғамның барлық әлеуметтік топтарына әсер етті және мұсылман қауымын да айналып өткен жоқ. 1937–1938 жылдардағы «Үлкен террор» науқаны дәстүрлі діни және ұлттық элиталардың жаппай қуда-лануы мен жойылуына әкелді. Осы үрдістің аясында ислам институттары, діни білімі бар тұлғалар, медресе ұстаздары, қазылар, имамдар және рухани көшбасшылар кеңестік биліктің идеологиялық бақылау объектісіне айналды. 1920-жылдардың соңы мен 1930-жылдардың соңына дейінгі кезеңде кеңестік қауіпсіздік органдары ислам ортасына қарсы мақсатты, бірізді және жүйелі саясат жүргізді. Бұл саясат діни сословиені қоғамдық өмірден ығыстыру, исламның институционалдық негіздерін әлсіре-ту, орталықтандырылған діни басқару жүйесін тарату, рухани көшбасшылардың беделін тө-мендету және мұсылман қауымын «потенциалды қауіп көзі» ретінде таныту бағытында өрбіді. Кеңестік идеологиялық аппарат исламды саяси және әлеуметтік тұрақтылыққа қауіп төндіретін күш ретінде көрсетуге ұмтылды. Панисламизм мен пантүркизм идеялары жасанды түрде «контрреволюциялық құрал» ретінде сипатталды. Исламдық элитаның кез келген мәдени, діни немесе ағартушылық қызметі билік тарапынан «саяси идеологияның көрінісі» деп бағаланып отырды. Осы тарихи жағдайлар 1940 жылы «Құран құрсауы» деп аталған ірі саяси істің қалыпта-суына алғышарт жасады. Бұл іс ислам институттарына қарсы бағытталған кеңестік репрессивтік саясаттың шарықтау шегіне айналып, мұсылман зиялыларына қарсы жасалған ең күрделі және көлемді қудалау науқанының бірі ретінде тарихта қалды.