Abstract
Бұл мақалада болашақ педагог-психологтердің эмоционалдық интеллектісін дамытуда цифрлық технологияларды қолданудың теориялық және тәжірибелік аспектілері жан-жақты қарастырылған. Зерттеу эмоционалдық интеллектінің құрылымдық компоненттері эмоцияны тану, өзін-өзі реттеу, эмпатия, коммуникативтік икемділік, кәсіби мотивация және олардың цифрлық ортада дамытылу заңдылықтарын талдауға бағытталған. Теориялық тұрғыда зерттеуде цифрлық педагогика қағидалары мен эмоционалдық дамудың психологиялық негіздері біріктіріліп, эмоциялық интеллектіні дамытуда интерактивтілік, бейімделгіштік және рефлексивтілік принциптерінің маңызы айқындалады. Тәжірибелік бөлімінде болашақ педагог-психологтермен жүргізілген эксперименттік жұмыс нәтижелері келтіріліп, студенттердің эмоционалдық интеллект деңгейінде айтарлықтай өзгерістер байқалады. Әсіресе, VR-тренингтер, мобильді қосымшалар, онлайн-рефлексия платформалары (Padlet, MindMeister, Jamboard) арқылы эмоцияларды тану мен басқару қабілеттерінің жоғарылағаны дәлелденген. Зерттеу нәтижесінде болашақ педагог-психологтердің эмоционалдық құзыреттілігін дамытуда цифрлық технологияларды мақсатты, ғылыми негізде, қолдануға бағытталған тиімді әдістемелік ұсыныстар жасалған. Бұл ұсыныстар мен зерттеу нәтижелері кәсіби даярлық сапасын арттыруға, студенттердің тұлғалық және эмоциялық тұрақтылығын нығайтуына ықпал етеді.